Салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың мамандарымен кездесу ұйымдастырылды

28.02.2022 ж. қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастырумен Салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында М. Т. Абдиева ("ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы") және М. Б. Садыкова ("психикалық денсаулық орталығы") мамандарымен кездесу өткізілді, "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" мамандығының 1 курс студенттері үшін халық арасында ЖҚТБ мен нашақорлықтың алдын алу жолдарын мен маңызды белгілері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының меңгерушісі Л.Б.Ибраева кіріспе сөзінде қазіргі уақытта жиі күйзеліс, уақыттың жетіспеушілігі, ақпарат, тез шешім қабылдау қажеттілігі, қарқынды тұлғааралық қарым-қатынас жағдайында кәсіби тұлғаға жалпы әсер күнделікті жүретінін, студенттер қауіпті жұқпалы аурулардан қорғаудың негізгі құралдарын пайдалану мәселелерінде сауатты болуы керектігін, ЖИТС-пен күресетіндердің қатарында, достарының арасында салауатты өмір салтын насихаттап, адамгершілікке ие болып, ауру адамдарға көмек көрсету керектігін үгіттеді.
Іс-шара аясында шақырылған мамандар студенттермен шығу тегі әртүрлі есірткілерді сату және таратумен күрес тәсілдері, сондай-ақ жастар арасында нашақорлықтың алдын алу шаралары туралы әңгімелесті. Олар жастардың күшті әсер ететін есірткі заттары мен темекі қоспаларын қолдануы, марихуанаға ұқсас психоактивті әсері бар химиялық зат қолданылатын шөп түрінде сатылатын темекі қоспаларының брендтерінің бірі болып табылатын Spice ("Спайс") синтетикалық темекі қоспасы туралы ақпарат берді.
АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Дәрігерлер АИТВ-инфекциясын алдын алу мен тегін негізде диагностикалау мен емдеудің қолжетімділігі туралы айтып берді. Студенттер осы мәселе бойынша жаңа мәліметтермен танысып, сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды. (қамтылған студенттер саны - 100).
Барлық қатысушыларға АИТВ-инфекциясына экспресс-тесттен өз еркімен және жасырын өту мүмкіндігі берілді. 15 минуттан кейін нәтижелер айтылды.
Іс-шара соңында М.Т. Абдиева мен М. Б. Садықова іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, студенттерге сәттілік тіледі.

18.03.2022, 10:30
448 қаралым