«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Жастардың денсаулығы - ұлт болашағы» атты дөңгелек үстел.
2015 жылдың 27 ақпан күні «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жастардың денсаулығы-ұлт болашағы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
«Жастардың денсаулығы - ұлт болашағы» атты дөңгелек үстелге «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының психолог-маманы А.Шыныбекова , Облыстық наркологиялық диспансерінің нарколог-дәрігері М.Б.Садыкова шақыртылды. Олар қазіргі таңдағы жастар арасындағы нашақорлық, ішімдік, есірткі мәселелеріне қатысты баяндамалар оқып, видео-роликтер ұсынды. ҚДС-203 тобының студенті А.Құрманбек «Алкогольді ішімдіктердің зияны», ҚДС-203 тобының студенті Г.Кендебай «Темекі мен есірткінің адам ағзасына зияны» атты тақырыпта баяндама жасады.
Салауатты өмір сүру салтын студенттерге насихаттаудың мақсаты әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, зиянды әрекеттерден аулақ болу екендігі айтылып, қорытындыланды.
06.04.2015,
03:35
847 қаралым