«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» арасындағы ұтымды ұтқырлықпен ұштасқан ынтымақтастық

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Жұқпалы аурулар және дерматовенерология» кафедрасының ассистенті, Д.С.Алиев 2023 жылғы ақпан айында «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ «АИТВ-инфекциясының курсымен эпидемиология» кафедрасында академиялық ұтқырлық өткізді.
Сабақ барысында м.ғ.д., академик С.Әміреевтің оқиғаның стандартты анықтамалары мен іс шаралар алгоритмдері бойынша екі томдық оқулық мәліметтерін, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР ДСМ бұйрықтары, клиникалық хаттамасы, аурушаңдық статистика, мониторинг, атлас, эпидемиологиялық карта, жедел хабарлама, ауру тарихы, кешенді жоспар, жылдық есеп, талдау, сауалнама, анықтамалық, әдістемелік нұсқаулықтарды, бейнебаяндарды қолданды, білім алушылар осындай құжаттар үлгілеріне өздерінің оңтайландыру және тиімді жаңа ойларын толықтырып шағын топтарда қорғады.

Дәріс, тәжірибелік сабақтарда конференция, шағын топтар, баяндамашы, пікірталас, TBL, CBL, мәселеге және жобаға бағытталған білім беру әдістемелерін қолданып, кері байланыс құрды. «Стандартталған пациент» (СП) және жобаға бағытталған білім беру (ЖББ) әдістемелері бойынша профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта СП әдістемесі бойынша «Аса қауіпті инфекцияға күдік кезіндегі дәрігер тактикасын эпидемиологтық бақылау» тақырыбына тәжірибелік дағдылары сахналанып көрсетіліп, ЖББ бойынша екі шағын ғылыми топ құрылып, «Құтыруға қарсы екпенің жақын және алыс салдарларының болуын зерделеу», «Бруцеллездің кене арқылы берілу мүмкіндігін зерттеу» тақырыптарына шағын алғашқы жобаларды қорғады.
Сонымен қатар, білімді шыңдау, танысу мақсатында университеттің ғылыми кітапханасында, мұражайында болып, естелік қолтаңбасын қалдырды. Екінші, үшінші курс, ҚДС мамандығы студенттерінің қатысуымен «Отбасы құндылықтары», «Нашақорлыққа жол жоқ. Біз салауатты өмірді таңдаймыз» атты тәрбиелік іс-шараларға қонақ ретінде қатысты.

Ассистент Д.С.Алиевке кафедра атынан С.Әміреев редакциясындағы «Жұқпалы және паразитарлық аурулар оқиғаларының стандартты анықтамалары мен іс-шаралар алгоритмдері» атты қазақ, орыс тілдеріндегі 2 томдық практикалық нұсқаулыққа авторлас атануымен қошеметтеліп, сыйға тартылды.
Академиялық ұтқырлықтың білім алушыларға, білім берушілерге екіжақты ұтымды екендігі нақты тәжірибеде көрініп, толыққанды пайдаланылды. Болашақта да ынтымақтастықты нығайтып, білім берудің осы түрі әрмен қарай да дами түседі деген үміттеміз.

27.02.2023, 15:20
490 қаралым