«Сүт безі обырын алдын алу емнен гөрі оңай. Сүт безі обыры туралы Дүниежүзілік хабардарлық»
ОҚМА АҚ-да жастар денсаулық орталығының хаты негізінде фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасында қалалық онкологиялық диспансермен бірлесіп «Емнен гөрі сүт безі обырының алдын алу оңай. Сүт безі обыры туралы Дүниежүзілік хабардарлық». Қазан айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1993 жылы жариялаған Дүниежүзілік кеуде обырына қарсы күрес айы басталады, сондықтан жыл сайын қазан айында бүкіл әлемде қатерлі ісік ауруларына ерте анықтау, емдеу және паллиативтік көмек көрсету мақсатында сүт безі обырына қатысты хабардарлық арттыру айы өткізіледі.
Іс-шараға фармация факультетінің декан орынбасары, ф.ғ.к. Сапақбай М.М, ОӘО жетекші маманы Ж.К. Кудабаева, фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының ПОҚ, қалалық онкодиспансер онко-маммологы Мырзахметов Р.Т және «Жалпы медицина» факультетінің студенттері( 306 а, 306 Б,301 топ) қатысты.
Дәріс барысында кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Керимбаева З.А. сүт безі обырын емдеу мен диагностикалаудың өзектілігін, пайда болу себептерін, мақсаты мен міндеттерін атап өтті. Қазіргі уақытта сүт безі обырын дер кезінде анықтау өзекті мәселе болып табылады. ДДҰ осы аурумен күрес жөніндегі кешенді бағдарламаларды жүргізуге ықпал етеді.
Онко-маммолог Мырзахметов Р.Т. сүт безі обыры - әйелдердің ең көп таралған онкологиялық патологиясы екенін атап өтті. Басты міндеттердің бірі ауруды ерте диагностикалау болып табылады. Дұрыс өмір салты және қауіп факторларын жою аурудың ықтималдығын төмендетуге мүмкіндік береді, ал обырдың бірінші сатысындағы диагностикасы пациентті 98% жағдайда емдеуге мүмкіндік береді.
Іс-шараға қатысушылар сүт безі обырының дер кезінде диагностикасын, емдеу процесін және салдарын талқылады, аурудың клиникалық жағдайларын қарастырды. Тыңдаушыларға «Сұрақтар мен жауаптардағы сүт безінің ауруы» кітапшалар таратылды.
Өткізілген дәріс нәтижесінде студенттер сүт безі обырының зардаптарымен танысып, жаңа мәліметтерді алды.
Дәріс тыңдаушыларға ақпаратты және пайдалы болды.