С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің иммунология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к.Битанова Эльмира Жеңісханқызының өткізген семинар дәрісі (Визитинг профессор)

1710 1

2021 жылдың 25-26 мамыр аралығында On-line форматта С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің иммунология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к.Битанова Э.Ж. «Вакциналар және вакцинопрофилактика» «COVID19 вакцинопрофилактикасының мүмкіндіктері» Ісіктердің Иммунобиологиясы. Ісік иммунотерапиясының заманауи әдістері» бойынша дәріс семинар өткізді.

25.05.2021ж.

Дәрістің тақырыптары:

«Вакциналар және вакцинопрофилактика» дәріс-семинары

1. Қазіргі вакциналарды жасаудың биотехнологиялық әдістеріне шолу

2. Вакцинация кезіндегі иммундық жауап, популяциялық иммунитет түсінігі

3. Вакциналардың түрлері, қолдану ерекшеліктері және тиімділігі

4. Терапиялық вакциналар

 

«COVID19 вакцинопрофилактикасының мүмкіндіктері» дәріс-семинары:

Дәрістің тақырыптары:

1. COVID19 қарсы вакциналарды қолданудың қазіргі жағдайы. Қазақстандағы КВИ вакцинопрофилактикасы.

2. Спутник V-құрамы, қолдану тәжірибесі, тиімділігі, вакцинациядан кейінгі қолайсыз салдарлар туралы мәліметтерге шолу

3. KazVak-құрамы, қолдану тәжірибесі, тиімділігі, вакцинациядан кейінгі қолайсыз зардаптар туралы мәліметтерге шолу

4. Hayat-Vax-құрамы, қолдану тәжірибесі, тиімділігі, вакцинациядан кейінгі жағымсыз әсерлер туралы ақпаратқа шолу

 

26.05.2021ж.

Ісіктердің Иммунобиологиясы. Ісік иммунотерапиясының заманауи әдістері»

Онкологиядағы иммундық статус және иммунодиагностика әдістері "

Медициналық ЖОО-да иммунологияны оқыту мәселелері бойынша дәріс- семинар барысында сұрақтар қойылды.

Семинарға «ОҚМА» АҚ Микробиолгия, вирусология және иммунология, Жанұялық медицина кафедраларының ПОҚ өкілдері, Резидент-онкологтар, және басқа мамандықтағы резиденттер белсенді қатысты.

31.05.2021, 23:28
517 қаралым