С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-не «ОҚМА» АҚ-ның оқытушысы А.Н. Төлегеннің академиялық ұтқырлығы

2021 жылдың 8-19 ақпан аралығында «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының оқытушысы А. Н. Төлеген академиялық ұтқырлық аясында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Микробиология және вирусология» кафедрасында "Ауыз қуысының микробиологиясы" пәнінен келесі тақырыптар бойынша сабақ өткізді:

1. Инфекция. Инфекция түрлері. Иммунитет. Ауыз қуысының спецификалық және спецификалық емес қорғаныс факторлары. Антигендер мен антиденелер.

2. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы және иммунотерапиясы. Антибиотиктер. Классификациясы. Стоматологияда антибиотиктердің қолданылуы. Стоматологиядағы зарарсыздандыру және дезинфекциялау шаралары.

Сабақтар ИМО мен TBL әдісі бойынша "Стоматология" мамандығының 2 курс студенттеріне ағылшын және орыс тілінде өткізілді.

1643 1

1643 2

1643 3

23.02.2021, 09:13
449 қаралым