Құрметті студенттер!

 

  

Құрметті студенттер!

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (Шымкент қ.), бүкіл әлем сияқты короновирус инфекциясына алаңдаулы. Президент Қ.Қ.Тоқаевтың Жарлығымен оның алдын алу және оны елде таратпау шаралары қабылданды.

Өздеріңізге мәлім, бұқаралық мәдени және спорттық іс-шаралар, конференциялар мен көрмелер өткізуге тыйым салынды. Адамдар көп жиналатын жерлерде, сауда орталықтары мен базарларда, тамақтану орындарында, теміржол вокзалдарында және әуежайларда қатаң санитарлық режим енгізілді. Дүкендер мен сауда орталықтары штаттық режимде жұмыс істейді, дегенмен сауда орталықтарындағы кинотеатрлар өз қызметін тоқтатады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша 16 наурыздан бастап барлық университеттер қашықтықтан оқытуға көшті.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы бұл талапты қатаң сақтайды. Қазіргі уақытта Академия қашықтықтан оқытуға дайын. Тиісті дайындықтар жүргізілді, кестелер түзетілді және Интернет жүйелері толық жұмыс режимінде. Профессор-оқытушылар құрамы бүгінде қашықтықтан жұмыс істей бастады.

Студенттеріміз бен олардың ата-аналары бұл жағдайға түсіністікпен қарап, бірлесе отырып осы уақытша туындаған мәселелер мен қиындықтарды жеңетіндігімізге сенеміз. Егер студенттер үйлеріне бармай осында қалғысы келсе, онда оған барлық жағдайлар жасалған.

 

Осы кезеңде оқу үдерісін ұйымдастыруға қатасты барлық сұрақтар бойынша байланысу телефондары:

Медицина факультетінің деканы -

Долтаева Бибігүл Зайдуллақызы, тел. 87017617354, doltaeva68@mail.ru

 

Фармация факультетінің деканы-

Дауренбеков Канат Нарбекович, тел: 87053587480, daurenbekov.kanat@mail.ru

 

Халықаралық факультеттің деканы -

Ташмұхамбетов Бауыржан Галиханұлы, тел. 87010833388, tashmukhambetov@gmail.com

 

Медицина колледжінің директоры -

Кушкарова Алтыншаш Мухаметкалиевна, тел: 87022102313, akushkarova72@list.ru

 

ОҚМА басшылығы

16.03.2020, 04:18
232 қаралым