Құрметті Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының оқытушылары мен студенттері!

Жаңа оқу жылының қарсаңында біздің жетістіктеріміз бен алдағы жоспарларымыз туралы айтып өтсем.

Қазақстандық агенттіктер жүргізетін 2018 жылдық  рейтингісінің нәтижиесіне сәйкес, бұл біздің жағдайда Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Агенттік, біздің академия 3 орынға ие боллды. Білім беру бағдарламаларының рейтингісінде бакалавриат мамандықтарынан «Фармация» мамандығы, магистратура мамандықтары бойынша  «Медицина», «Мейірбике ісі», «Фармация» мамандықтары аталды.

Білім берудің барлық деңгейлеріндегі студенттерді қабылдау үшін дайындық академияның материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталды: 7000 шаршы метрден астам жаңа оқу ғимараты пайдалануға берілді және 500 орынға арналған жатақхана оқу корпусының жанында орналасты.

Бұл біздің студенттерімізге, педагог оқытушылар құрамына және қызметкерлерге Акционерден тамаша сыйлық. Бұл факт өте символикалық: жаңа оқу ғимаратымен  - жаңа жетістіктерге!

Академия жаңа мамандықтар бойынша білім беру қызметтерін көрсету құқығына ие болды - бакалавр «Педиатрия», «Стоматология» және PhD докторантура «Фармация»!

Сіздер, осы іс-шаралардың қатысушылары мен шығарушылары, сіз оларды жақсы білесіз. Біздің академияны барлық жағынан қолайлы жыл күтіп тұрғанын бір ғана сөзбен айта аламын!

Барлық студенттер мен мұғалімдерге, бүгінгі таңда білімге алғашқы қадам жасаған тұлғаларға  жұмыстарына  табыс,  мықты денсаулық, бақыт, тұрақтылық пен шыдамдылық, жаңа ашылымдар, тану мен жоғары марапаттар тілеймін.

Жаңа оқу жылымен құттықтаймыз!

 

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры,

профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы

03.09.2018, 04:00
373 қаралым