Әріптес ЖОО-мен ынтымақтастықты нығайту

Академияның бірінші проректоры, профессор М.М. Есіркепов бастаған ОҚМА профессор-оқытушылар құрамының тобы Дүниежүзілік Банктің "Тәжікстан Республикасындағы фармацевтикалық білім берудің инновациялық дамуы" жобасы аясындағы іс-шараларды жалғастыруда.
Әріптестеріміздің бірінші келген күні 2021 ж 15-19 қараша күндері аралығындағы Абуалиибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің ұйымдастыруымен "Ғылым және инновация күндері" атты ауқымды іс-шарасының басталуымен тұспа-тұс келді.
Профессор М.М. Есіркепов өз жұмысын "Ғылыми зерттеу әдіснамасы" оқыту тренингінен бастады.

Іс-шараны жобаның техникалық тапсырмасына сәйкес профессор Ордабаева С.К., профессор Шертаева К. Д., профессор Сағындықова Б. А., доцент Ибрагимова А. Г., Серікбаева А. Д. жалғастырды. Апта бойы ТММУ профессор-оқытушылар құрамы үшін семинар мен тренинг өткізіледі.

16.11.2021, 15:06
470 қаралым