Республикалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының стипендиясының иегері студент Тимур Аманбаев атанды

Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы еліміздің медициналық жоғары оқу орындарының студенттері арасында кәсіподақ стипендиясын тағайындау конкурсын өткізді. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Жалпы медицина» мамандығы бойынша студент Тимур Аманбаев «Үздік оқуы мен кәсіподақтағы адал жұмысы үшін» атаулы стипендиясының иегері атанды. Стипендиатқа дипломды Шымкент қаласының медицина қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Р.С. Агниязова табыстады.
2016 жылдан бастап Т.Аманбаев Академия қабырғасында және Шымкент қаласының студент жастары арасында өткізілетін іс-шараларға, атап айтқанда, факультетаралық және курсаралық «Зияткерлік олимпиадалар», диспуттар, дебаттар мен қалалық конкурстар кезіндегі іс-шараларға белсенді қатысады. Белсенді студенттер тобымен бірге Қазақстанның медициналық студенттер қауымдастығының жаңа студенттік ұйымының құрылуына ықпал етті. Қазіргі уақытта АИТВ және ЖИТС-ті қоса алғанда, жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі, сондай-ақ Шымкент қаласы «Sanaly urpaq» білім беру басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетінің мүшесі болып саналады.
Т. Аманбаевқа «Бөбек» қауымдастығының «ТМД-ның үздік студенті-2021» медалі табысталды.
Сонымен қатар, стипендия конкурстық негізде берілді, оның шарттары оқу жылындағы тамаша үлгерім, студенттік ғылыми қоғамдастыққа, кәсіподақ ұйымының қызметіне, сондай-ақ сауықтыру, мәдени және спорттық-бұқаралық іс-шараларға ат салысуы қажет. Конкурстық іріктеуге 40 үміткер қатысты.
Тимур Аманбаевты жаңа жеңісімен құттықтаймыз. Оқуда жаңа жетістіктер мен сәттілік тілейміз!

16.10.2021, 17:03
449 қаралым