«Республикадағы ең үздік СҒҚ»
Жыл сайын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшының Қоры «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының үздік студенттік ғылыми қоғамы» байқауын өткізеді. 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының студенттік ғылыми қоғамы осы конкурста жеңіп, ҚР ЖОО арасында үздік болып шықты.
Академия студенттері үнемі ғылыми эксперименттер мен тәжірибе өткізеді, ғылыми-зерттеу зертханаларында айналысады. Олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының мақалалар жинақтарында жарияландырды. 2013- 200-ден астам мақала жарияланды.
Сонымен қатар, СҒҚ мүшелері Қазақстан Республикасында, ТМД және алыс шет елде ұйымдастырылған халықаралық ғылыми конференцияларға белсенді түрде қатысып, жүлделі орындарды алуда. Сондай-ақ, СҒҚ мүшелері фармация және медицина саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларын дамытуға қатысады.