Ресей мен Түркияның танымал ғалымдары С.Н. Иллариошкин мен Оскара Джидемге «ОҚМА құрметті профессоры» атағы берілді
10-11 қарашада Rixos Khadisha Shymkent-те Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей, Тәжікстан, Украина, Өзбекстанның жетекші ғалымдарының қатысуымен «Клиникалық неврология және психиатрияның өзекті мәселелері» атты екі күндік халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде.
Пленарлық отырыс басталар алдында ғылыми-клиникалық жұмыс, докторантура және магистратура басқармасының басшысы А.А. Жақсылық Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры М. М. Рысбековке сөз берді.
ЖОО-ның бірінші басшысы М.М. Рысбеков ғылыми форумға қатысушылары – РҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, "Неврология ғылыми орталығы" ФМБҒМ директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, "Неврология ғылыми орталығы" ФМБҒМ институтының директоры, РФ ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, РФ Үкіметінің ғылым жəне техника саласындағы Сыйлығының лауреаты Сергей Николаевич Иллариошкинге (Мəскеу) және Черрахпаш университетінің неврология кафедрасының профессоры, PhD, ILAE білім беру комиссиясының мүшесі жəне VIREPA курсының тьюторы, сонымен қатар EPODES -ILAE эпилепсия хирургиясы курсын ұйымдастырушылар арасында Оскара Джидемге (Стамбул қ.) «Құрметті профессор» атағын беру туралы Ғылыми кеңестің шешімдерімен таныстырды.
М.М. Рысбеков елдер арасында медицина саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін, ғалымдардың неврологиялық аурулармен ауыратын науқастарды диагностикалау мен емдеуге қосқан үлесін және конференциялар мен симпозиумдарда ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен танысуды атап өтті.
Академик С.Н. Иллариошкин конференция ұйымдастырушыларына шақырғаны үшін, ОҚМА құрметті профессоры атағы берілгендігіне алғысын білдірді, барлық шекараларды жоятын медицинаның маңыздылығын атап өтті, баршаға денсаулық пен табыс тіледі.
Конференция трибунасынан Оскара Джидем климаттық өзгерістер, соғыстар, қақтығыстар дүр сілкіндіретін әлемдегі медициналық қауымдастықтың рөлін атап өтті. Жүздеген мың адамның өмірін қиған және ересектер мен балалар арасында ковидтен кейінгі синдромда өз ізін қалдырған коронавирустық инфекцияның пандемиясына қарамастан, бүгінде бүкіл планетада халықтың денсаулығын сақтау өте маңызды.
Құрметті профессорларларды: медицина ғылымдарының докторы, Ясауи атындағы ХҚТУ неврология, психиатрия және наркология кафедрасының профессоры және ОҚМА неврология, психиатрия, оңалту және нейрохиургия кафедрасының профессоры Г.А. Дущанова және ҚР ДСМ бас невропатологы, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі, профессор, ҚР неврологтар қауымдастығының, Қазақстан Prim WFN, AD/PD, IPA, ISPRM невропатологтар Лигасының мүшесі С.Т. Туруспекова жылы қарсы алды.
Халықаралық конференция екі күн ішінде Rixos Khadisha Shymkent-те өтеді. Конференция бағдарламасында балалар мен ересектер неврологиясының жүйке жүйесі ауруларын диагностикалау, емдеу және оңалту мәселелері қарастырылған. Жақын және алыс шетелдерден келген спикерлер қызықты клиникалық кейстермен сөз сөйлейді, талқыланатын салалардағы заманауи жетістіктермен және практикалық дағдылармен танысады.