ҚР жоғары оқу орындарына шетелдік мамандарды шақыру

«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасы 2015-2016 оқу жылында шетелдік ғалымдарды шақыру жоспарына сәйкес, 15.02.2016-24.02.2016 ж. студенттер мен оқытушыларға Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің «Фармацияны басқару және экономикасы» кафедрасынан фарм.ғ.д., профессор Ибрагимова Гузель Ярулловна келді.

726 1 

БММУ профессоры 4 курс студенттеріне «Фармацияны басқару және экономикасы» бойынша дәрістер оқыды.

726 2 

Медициналық және фармацевтикалық тауартану пәнінен тәжірибелік сабақ жүргізіліп, 2-оқу жылының магистранттарына тиісті дәріханалық тәжірибе бойынша сабақ жүргізілді.

726 3 

«ФІҰБ», «Дәрілер технологиясы», «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия», «Фармакогнозия және химия» кафедралары оқытушыларымен профессор Ибрагимова Г.Я. «Фармацияда тиісті тәжірибеде халықаралық стандарттар» тақырыбында мастер-класс өткізді.

726 4 

Профессор Г.Я. Ибрагимова жұмысының басым бөлігі, студенттерге тиімді білім беру, оқу және ғылыми ақпаратты белсенді алмасу, жемісті ынтымақтастық әріптестік ,материалды тиімді игеруге үлес қосты. Өткізілген оқыту барысы толықтай біздің академия қажеттіліктеріне және оқу үдерісі мақсаттарына сай келеді.

27.02.2016, 04:23
507 қаралым