«Әр түрлі діни ағымдардың жастарға әсері» тақырыбындағы психологиялық семинар-тренинг

2016 жылдың 11 қараша күні Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика академиясында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер», «Гигиена-1 және эпидемиология» кафедраларының ұйымдастыруымен «Әр түрлі діни ағымдардың жастарға әсері»  тақырыбында психологиялық семинар-тренинг өтті.

860 1

Психологиялық семинардың мақсаты: Қазақстанның болашағы жастарымыз болғандықтан болашақ ұрпаққа имандылық пен ұлтжандылық тәрбиесін беру.

860 2

Т.ғ.к.,доцент м.а. Э.Қ.Мырзалиева семинардың мақсаты мен өзектілігін атай отырып, қазіргі таңда жастарымыздың көптеген ағымдарға өтіп кетіп жатқандығы, оны тоқтатудың жалғыз амалы отбасында- ата-аналар балаларын ұлттық құндылықтармен  тәрбиелеу, яғни үлкенді силау, ар мен ұят, обал мен сауап, ізеттілік пен құрмет мәселесіне көңіл бөлу, бала тәрбиесінің ата-аналарға үлкен жуапкершілік артатынын және оны ата-аналар сезінуі тиіс екендігін атап кетті.

860 3

Болашақ жастарымызға көмек көрсету мақсатында психологиялық семинарға ОҚО Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог-маманы Аппазов Ғазиз және Заманханов Бауыржан шақырылды. Ғ.Аппазов Қазақстандағы әр түрлі діни ағымдардың белең алып кеткенін және оның әсіресе жастарымызға кері әсері тиіп жатқандығын сөз етті. Қазіргі таңдағы Қазақстанда дәстүрлі ислам дінін тереңірек оқыту керектігін, ол үшін мектеп қабырғасынан бастап және отбасы ошақ қасында ислам дінінің құндылығын ата-аналардың өз перзенттеріне үздіксіз айту керектігін және оны мектеп қабырғасында жүйелі түрде оқу бағдарламасына енгізе отырып жүргізу қажеттілігіне баса назар аудару міндет екендігін айтты. Көтеріліп отырған мәселеге байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көптеген мекемелерде оның ішінде, мектепте, колледж, институт одан басқа  да мекемелермен тығыз қарым-қатынас орнатып, басқа ағымға түсіп кеткен жастарымызбен жасалып жатқан үгіт-насихат жұмыстарына тоқталып өтті.

860 4

Академия студенттері осы  және өзге де өздерінің қызықтырған өздігінен таба алмай жүрген сұрақтардың біршама жауабын тауып, ислам діні туралы көптеген мәліметтер алды.

Семинарды ұйымдастырған кафедра оқытушылары п.ғ.к., доцент м.а. Л.С.Майлыбаева, т.ғ.к., доцент м.а. Э.Қ.Мырзалиева, аға оқытушы З.Ш. Оразымбетова өз пікірлерін ортаға салып, студенттерге біршама діни мағлұматтар берді. Атап өтсек, Л.С.Майлыбаева әсіресе ұрпақ тәрбиесінде ислам дінінің құндылығы мен артықшылығы, қазақ салт-дәстүрлерінің шариғат заңдарымен үндестік тапқандығын, бұл заман талабына сай жауап бере алатын, тәрбиелік мәні  зор дүние екендігін атап көрсетті.

14.11.2016, 21:08
435 қаралым