Қыздар арасындағы консультациялық семинар тренинг
2022 жылдың 07 желтоқсан күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен Акушерлік және гинекология кафедрасы және Айкөркем қыздар кеңесінің ұйымдастыруымен «Мезгілсіз жүктіліктен сақтану» тақырыбында қыздар арасында кеңестік тренинг-семинар өткізілді. Кездесуге спикерлер Акушерлік және гинекология кафедрасының ассистенті Акбердиева Гульмира Орынбековна, академияның резиденттері Азымханова Ақсауле Абдиманапқызы, Ерланова Динара Ералықызы, 4 курс В-ЖМҚА -03 -19 тобының студенті Лес Айнұр, 4 курс В-ЖМОБ-11-19 тобының студенті Куттыкужанова Амалия және академияның 1-3 курс студент қыздары қатысты.
Аталған шараны Айкөркем тобының жетекшісі Асқар Мерей ашып беріп, іс шара мақсатын айтып өтті. Басты мақсат – қыздардың жеке гигиенасы, моральды денсаулықтың маңыздылығын айтып келген қонақтарға сөз кезегін берді.
Акушерлік және гинекология кафедрасының ассистенті Акбердиева Гульмира Орынбековна негізгі мәселелер жыныстық жетілу кезеңінің физиологиясы, қалыпты етеккір циклы, гигиена шаралары, ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын алу, контрацепция әдістері, жыныстық жолмен берілетін аурулар, бұл қандай салдарға алып келетіні жайлы студент жастарға оның алдын алу жолдарын түсіндіріп өтті.
Іс шараны соңында сауалнама таратылып, студенттердің сұрақ жауабымен аяқталды.