Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының базасындағы «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибе

И.Қ. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы арасындағы академиялық ұтқырлық бойынша ынтымақтастық туралы меморандум негізінде «Фармация» ББ 4 курс студенттері 29.06.2023 ж. бастап 09.06.2023 ж. дейін «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибені өту үшін фарм.ғ.кандидаты, доцент м.а. Турсубекова Баян Изтелеуқызы жетекшілігімен екі апта мерзімге жіберілді.
Келу орны бойынша И. К.Ахунбаев атындағы ҚММА ғылыми және емдеу жұмыстары бойынша проректоры Н.Маматовпен, халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Т.Юсуповамен, тәжірибе бөлімінің маманы В.Султаналиевамен, кафедра меңгерушісі А.Мураталиевамен, оқытушы Д. Эрмековамен кездесу өтті.

Біздің студенттердің өндірістік тәжірибесі ҚР ДСМ Орталық бақылау-аналитикалық зертханасының (ОБАЗ) базасында өтті.
ОБАЗ меңгерушісі Т. Сансызбаев студенттерді ҚР дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау жүйесімен, фармацевт-аналитик жұмыс орындарын ұйымдастыру және жабдықтауымен және зертхананың басқа қызметкерлерімен таныстырды.
Жетекші болып базаның сапа бойынша меңгерушісі Ч.Такинова тағайындалды. Ол фармацевт-аналитиктің кәсіби міндеттерімен, зертханадағы қауіпсіздік шараларымен, дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бойынша нормативтік құжаттардың талаптарымен таныстырды.

Тәжірибе барысында студенттер нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес фармацевтикалық талдау: идентификациялаудың химиялық және физика-химиялық әдістері, тазалығын және сандық анықтау; нормативтік құжаттарды жасау, тіркеу кезінде дәрілік заттарды сараптау мәселелерін, жүргізу дағдылары мен тәжірибелік дағдыларын бекітті. Мысалы, студенттер инъекциялық ерітінділерге, әр түрлі таблеткаларға, жақпа майларға және басқа да препараттарға толық фармакопеялық талдау жүргізді.

Студенттер ҚММА пластинация және тарих мұражайына барды ЖОО-ның көрікті жерлерімен танысқаннан кейін студенттер фармакогнозия және дәрілік заттар химиясы кафедрасының базасына, сондай-ақ ҚР ДСМ жанындағы дәрілік заттар және медициналық бұйымдар Департаментінің Орталық бақылау-аналитикалық зертханасының базасына жіберілді.
Студенттер Ататүрік саябағын, Достық саябағын, Тимур Рустамовтың мүсіндік көрмесін және басқаларын тамашалаған мәдени бағдарлама қызықты болды.
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ұжымы мен студенттер Академия басшылығына Қырғыз Республикасына өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

12.07.2023, 16:34
829 қаралым