ҚЫРҒЫЗ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы арасындағы келісімшартты жүзеге асыру аясында фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы онлайн режимде дәрістер мен мастер-кластар өткізді.
Профессор С.К. Ордабаеваның бағдарламасы дәрілік заттардың сапасын бақылау саласында дәрістер мен вебинарларға негізделген болды. Ароматты, алициклді, стероидты, гетероциклді қосылыстар туындыларының дәрілік заттарының фармацевтикалық талдау әдістері талқыланды.

Лектор табиғи шикізаттан биологиялық белсенді қосылыстарды алу әдістерін, сондай-ақ дәрілік заттарды синтездеу тәсілдерін егжей-тегжейлі баяндап берді, сонымен қатар олардың нәтижелері бойынша дәрілік заттардың тазалығы мәселелерін негіздеді. Дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттеріне, физикалық константаларына, спектральды сипаттамаларына және оларды идентификациялау әдістеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Дәрілік заттардың фармакопеялық және сандық анықтаудың балама әдістері мәселелеріне ерекше назар аударылды. Дәрілік заттардың фармакопеялық талдауы туралы мәліметтер ЕАЭО Фармакопеясынан, АҚШ Фармакопеясынан, Еуропалық Фармакопеядан, сондай-ақ өндіруші фирмалардың НҚ ақпараттарымен толықтырылды.

Кафедра доценті А.Д. Серикбаева аудиторияны экстракциялау және сорбциялау арқылы биологиялық материалдан оқшауланған заттар тобына химия-токсикологиялық талдаумен таныстырды. Білім алушылар токсикологиялық маңызды дәрілік уларды, пестицидтерді оқшаулаудың жалпы және жеке әдістерін, сондай-ақ оларды идентификациялаудың алдын-ала және растайтын әдістері бойынша дәрістер тыңдады. Сонымен қатар, келіп түсетін жолдама құжаттардың түрлері, зерттеу объектілері, сынамаларды дайындаудың заманауи әдістері, алынған химия-токсикологиялық талдау нәтижелерін түсіндіру талқыланды.

Фармакогнозия және дәрілік заттар химиясы кафедрасының меңгерушісі А.Ж. Мураталиеваның жетекшілігімен онлайн-дәрістер мен вебинарлар тыңдаушылары ҚММА басшылығының атынан оқытушылық талантқа, дәрілік заттардың сапасын бақылау және ОҚМА оқытушыларының токсикологиялық маңызды заттарын химия-токсикологиялық талдау бойынша материалды қызықты және қолжетімді ұсынғаны үшін алғыстарын білдірді.

27.06.2022, 12:50
413 қаралым