«Құмар ойын, әдет емес дерт» атты дөңгелек үстел
2.05.2024-жылы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Ибраимова А.Ж. мен А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында «Құмар ойын, әдет емес дерт» атты дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: жастардың өз денсаулығына жауапты мінез-құлық дағдыларын дамыту, студенттердің өз құндылықтарын білуіне ықпал ету.
Құмар ойынына тәуелділік және оның даму кезеңдері, сондай-ақ тәуелділік қай сәттен бастап пайда болады , құмар ойындарға тәуелді адам қандай белгілерді көрсететіні талқыланды.
«Ай – ару» психологиялық орталығының директоры Абдрахманова Зулипаның қатысуымен осы мәселенің білім алушылардың арасында орын алған 0 – 1,5 жас арасында болуы мүмкін психоз, шизофрения, маниакальды – депрессивті психоз, булимия, наркомания, алкоголизм,т.б. тәуелділіктердің оралды түрі ; 1,5 – 3 жас арасындағы анорексия, меланхолия, паранойя, шектік – аралық бұзылымдар, психопатология сияқты оған тәуелді болудың аналды түрі; 3 -6 жас аралығындағы обсесивті – компульсивті синдром, невроз, әр түрлі бұзылымдар оған тәуелділіктің аналды түрі туралы психикалық аппараттың даму сатыларының егжей – тегжейлі мәліметтер айтылды.
Кездесу соңында студенттер ақпараттан алған әсерлерімен бөлісіп, өздеріне қандай қорытынды жасағандарын айтып, осы тақырып бойынша қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды.