ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы Қазақстан Республикасының ғылымды дамытуға және біліктілікті арттыруға бағытталған стратегиялық бағдарламаларын іске асыруға елеулі үлес қосу ниетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум денсаулық сақтаудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, сондай-ақ денсаулық сақтау технологияларын бағалау саласында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Меморандум аясында Денсаулық сақтау жүйесі үшін кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру мәселесін қарастырды.
Екі ұйым арасындағы ынтымақтастық білім алушылары үшін медициналық және зерттеу практикаларын және жас ғалымдары, педагогикалық, ғылыми қызметкелері үшін тағылымдамалар ұйымдастыру, конференциялар, мастер-кластар, семинарлар, көрмелер, форумдар формасында және басқа да формада тәжірибемен, ғылыми және практикалық ақпаратпен алмасуға, өзара тиімді байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.