ҚР президенті Қ.К.Тоқаевтың жолдауы студенттермен талқыланды

2021 жылдың 19 қазан күні ОҚМА Үлкен мәжіліс залында Шымкент қаласы әкімдігінің бастауымен және Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында, ҚР президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» жолдауын талқылау мақсатында пікіралмасу кездесуі өтті. Аталған іс-шараға Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Анарбаев Қайрат Сапарханұлы және ӘМжЖСБ қызметкерлері, академия студенттері қатысты.

Іс-шараны ашып берген Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім Президенттің биылғы Жолдауында әлеуметтік мәселеге көбірек көңіл бөлінгенін, сонымен қатар медицина саласындағы, жастар тәрбиесіндегі мәселелер де қозғалғанын айтты. Сөз кезегін алған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Анарбаев Қайрат Сапарханұлы жолдаудың мән мағынасын ашып берді. Президентіміз Жолдауын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнағаны Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз екенін атап көрсеткенін айтты.

Қ.С.Анарбаев: Президентіміздің қазір ең басты нәрсе татулық пен бірлік екінін, тіл саясатына да тоқталғандығын және жалпы адамзатқа ор-тақ қастерлі құндылықтарды ұмытпауға шақырғанын айтты.
Іс-шара соңы сұрақ-жауаппен қорытындыланды.

19.10.2021, 14:23
413 қаралым