ҚР Парламент сенаты депутаттарымен кездесу!

2022 жылдың 23 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламент сенатының депутаттары Бектаев Али Әбдікәрімұлы, Құртаев Әлімжан Сейтжанұлымен кездесу өтті. Кездесуге академия қызметкерлері мен студенттері қатысты.
Ісшараны академия ректоры, профессор М.Рысбеков ашып беріп келген қонақтармен таныстырды. Сөз кезегін алған ҚР Парламент сенатының депутаты Құртаев Әлімжан Сейтжанұлы: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша ҚР Конституциясының 31 бабына түзету және 2 жаңа баппен толықтыру енгізу туралы ақпараттық-түсіндірме беріп өтті.
ҚР Парламент сенатының депутаты Бектаев Әли Әбдікәрімұлы: «Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатқанын, алдағы Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсететіндігін» айтып өтті. 5 маусым күні өткелі отырған республикалық референдумға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды.

Жиынның соңы сұрақ-жауапқа ұласты. Оқытушылар мен студенттер Парламент сенаты депутаттарына түрлі бағыттардан өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды қойды. Оның ішінде жұмыспен қамту, жұмыссыздық, студенттердің степендиясы, жалақы мәселесі, әскерге шақыру тәртібі, мамандық таңдауға қатысты т.б. сұрақтар болды. Сенаторлар қойылған сұрақтарға орнықты жауап берді. Кездесу соңында Құртаев Әлімжан Сейтжанұлы медицина академиясының кітапханасына дінтанушы, ғалым Әбдісаттар қажы Дербісәлінің соңғы шыққан «Ұлы даланың ұмытылған ойшылдары» атты кітабын сыйға тартты.

ҚР Парламент сенатының депутаттары Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының әлеуетімен танысып шықты. Студенттер емтихан тапсырып отырған тестілеу орталығын, оқыту симуляциялық орталықты аралап, онда орналастырылған заманауи медициналық тренажерлермен, құрал-жабдықтармен танысып таңданысын жасырмады, академия ұжымының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

23.05.2022, 17:06
434 қаралым