Қош келдің, әз Наурыз!

Наурыз - күн мен түннің теңеліп, табиғаттың жаңаратын, бәріміз үшін берекенің бастауы болған мейрам. Тамыры тереңге кеткен мереке-халқымыздың болмысы, ырысы мен бірлігі, өнері мен мәдениеті, дәстүрімізбен діліміздің өзегі. Бұл күні адамдар өзара өкпе-назын ұмытып, кешірім жасап, татуласқан. Ақ дастарқан басында ақжарқын көңілмен қауышып, жеті түрлі дәмнен тұратын наурыз көжеден дәм татқан. Тал көшеттері егіліп, бұлақ көзі ашылатын болған. Көктемнің жаңару күнінде айнала тазартылып, топыраққа дән түскен. Тамыры тереңде жатқан ежелгі наурыз мерекесі қазіргі кезде жаңарған қоғамымызбен үйлесім тауып, Отанымыздағы достық пен келісімді нығайтуда маңызды рөлге ие болып келеді.
28 наурыз 2024 жылы, «Педиатрия-2» кафедрасында, «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара, В-ЖМҚА-05-20, В-ЖМҚБ-05-20, В-ЖМҚА-06-20 топтарымен сайыс түрінде топтық жарыспен өткізілді. Іс-шара басталмастан бұрын, «Педиатрия-2» кафедрасының ПОҚ сөз алды. Бірінші сайыс, Ұлттық киіммен таныстыру сайысында, әр топ өз тобының атауының, қазақ халқында қандай мағына беретінін таныстырды. Екінші сайыста, ұлттық салт-дәстүрді дәріптей отырып, сахналық қойылым жасады. Үшінші сайыста, қазақтың ұлттың дастарханын дайындап, тағамдарды таныстырды. Төртінші сайыста ұлттық ойын ойнатылды. Сайыс соңында, үздік номинацияларға орындар беріліп, марапатталды.

03.04.2024, 10:49
272 қаралым