Қос дипломды ресей-қазақстандық білім беру бағдарламасы білім беруді интернационалдандыру көрсеткіші ретінде
Қазіргі кезде білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың алуан түрлі бастамалары білім алушылардың білім алу үдерісінде жаһандану қоғамында табысты жұмыс істеуге қажетті жаһандық құзыреттіліктерін қалыптастыруға арналған. Білім беруді интернационалдандыру білім беруді ғана емес, сонымен қатар зерттеу жұмыстарына да әсер ететін халықаралық өзара әсерлесудің әртүрлі форматтарын қамтиды.
Осы мәселеге байланысты Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (ОҚМА) мен И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің (Сеченов университеті) профессор-оқытушылар құрамының өз уақытында күш салуы нәтижесінде магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты деңгейіндегі «Фармацевтикалық экология» бейіні бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы жасалды.
Профессор Г.В.Раменская басқаратын Сеченов университетінің А.П. Нелюбин атындағы фармация институты ОҚМА-мен ертеден келе жатқан стратегиялық серіктесі болып табылады. Бүгінгі күнге дейін РФ алдыңғы қатарлы ұйымдарының бірімен ынтымақтастық оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, студенттердің өндірістік тәжірибелері, магистранттардың ғылыми тағылымдамасы, бірлескен білім беру бағдарламалары мен оқу құралдарын әзірлеу бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстары, бірлескен ғылыми-практикалық форумдар және т.б. аясында жүзеге асырылып отыр.
Фармацевтикалық өндірістің заманауи даму қарқыны мен инновациялық әзірлемелерді ендіру қарқындылығы, сонымен қатар кадрларды даярлауды диверсификациялау қажеттілігі білім беру жүйесінен білім беруде жаңа бастамалар мен технологияларды енгізу қарқынын арттыруды талап етеді. Білім беру жүйесіндегі осындай үрдістердің бірі бірлескен білім беру бағдарламалары болып табылады.
ҚР тұрғындары, сондай-ақ біздің бүкіл планета үшін де климаттың жаһандық жылынуы, полюстарда озон тесікшелерінің пайда болуы, токсиканттардың кең таралуы мен су, ауа, топырақ, азық-түлік өнімдерінің зиянды химиялық заттармен ластануы, өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жойылуы, планетада тұрғындар санының өсуі нәтижесінде биоәртүрліліктің төмендеуі шындыққа айналып отыр.
ОҚМА фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, профессор С.К.Ордабаева: «Табиғи ортаны фармацевтикалық өндіріс қалдықтарымен ластау ортаның деградациясын тудыратын және халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін әлеуметтік және экономикалық басымдылығы бар өткір экологиялық мәселе болып табылады. Сондықтан фармацевтикалық экология саласында магистр мамандар даярлау бағытын таңдау кездейсоқтық емес. Қорыта айтқанда, үйлестірілген білім беру бағдарламасы ЕАЭО елдерінде фармацевтикалық саланың дамуымен қажеттілігі артып отырған фармацевтикалық экология саласында жоғары білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді» - деп атап өтті.
Бірыңғайланған білім беру бағдарламасы жоғары оқу орны компоненті мен таңдау бойынша компонентіне (элективті пәндер) енгізіліп, болашақ мамандарға фармацевтикалық экология саласында экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму, дәрілік өсімдіктердің шикізат базаларын қалпына келтіру және дамыту, соның негізінде инновациялық дәрілік өсімдіктер жасау сияқты өзекті мәселелер бойынша білім алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар бір-бірімен байланысты фармацевтикалық және экологиялық ғылым саласында ғалым-зерттеушінің құзыреттілігін қалыптастырады.
ҚР мен РФ жоғары білім беру ұлттық жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, қос дипломды бағдарламаны әзірлеуде екі жоғары оқу орындары оқу орны, формасы, мерзімі және магистранттардың білімі мен дағдыларын бақылау, оқу жетістіктері мен кредиттерді қайта тапсыру, магистрлік диссертацияны қорғау, қаржы мәселелері және т.б. сұрақтар талқыланып, мақұлданды.
ОҚМА Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы А.А.Ахметова: «Жаңа бағдарлама магистранттардың академиялық ұтқырлығына есептелген – олар бағдарламаның бір бөлігін серіктес ЖОО меңгереді, бұл мәдениетаралық қарым-қатынас пен коммуникацияға мүмкіндік береді. Магистранттардың зерттеу тәжірибесі базасы ҚР мен РФ алдыңғы қатарлы фармацевтикалық өндірісі болады. Атап кету керек, бірлескен бағдарлама ЖОО бәсекеге қабілеттілігін арттырудың дәлелденген құралы болып табылады» - деп атап өтті.
«Фармацевтикалық экология» білім беру бағдарламасы 2022 жылы Ресей Федерациясында «Владимир Потаниннің стипендиялық бағдарламасы» байқауында «Жаңа магистрлік бағдарлама» номинациясының жеңімпазы атануды, бұл оның мазмұны мен құрылымы бойынша жоғары бағаланғандығын растайды. Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім беру Министрлігіне қарасты Болон процесі орталығындағы сараптама оқу нәтижелері жетістіктерінің жоғары коэффициентін көрсетті.