«Қоғамдық денсаулық сақтаудың заманауи мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференциясы

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы 14.10.2022ж. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасының базасында «Қоғамдық денсаулық сақтаудың заманауи мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өткізілді.
Өтетін орны: ОҚМА, 4 оқу ғимараты, 2 қабат, шағын конференц-зал.

Конференцияның мақсаты жас зерттеушілер мен ғалымдарға халықтың денсаулығын қорғаудың ғылыми және практикалық мәселелерін талқылауға, медициналық қызмет көрсету сапасын, денсаулық сақтаудың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын қамтамасыз етуге, медициналық кадрларды пайдалануды оңтайландыруға, медицинада ақпараттық технологияларды дамытуға арналған алаң беру болды.

Конференцияның міндеті медицина мен денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін қою мен шешуде тәжірибе алмасу, зерттеу нәтижелерін ұсынуға үйрету; пікірталас жүргізу дағдыларын дамыту; жас зерттеушілердің байланыстарын кеңейту болды.
Конференция жұмысы әрбір қатысушыға жеке баяндама жасауға және сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беру үшін офлайн және онлайн формат түрінде, секциялық отырыстар ұйымдастырылды:
«Қоғамдық денсаулық сақтаудың болашағы» секциясы. Модераторлар-Сәрсенбаева Гүлзат Жаңабайқызы, м. ғ. к., ОҚМА, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық»кафедрасының меңгерушісі,
Ермұханова Людмила Сергеевна, м.ғ. к., қауымдастырылған профессор, М. Оспанов атындағы БҚМУ, «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасының меңгерушісі.
Рустамова Хамида Елемесқызы, м. ғ. д., ТашГСИ, «Қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау және дене шынықтыру басқармасы» кафедрасының профессоры.

Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар, зерттеушілер мен жас ғалымдар шақырылды.

Конференцияға барлығы 40-тан астам мақала жіберілді. Сараптамалық іріктеу нәтижелері бойынша конференция бағдарламасына 12 баяндама енгізілді, оның ішінде 9 адам, сонымен қатар конференцияда өз жұмысын Астана медицина университетінің профессоры А.А. Мусина өзінің жұмысын ұсынды, сондай-ақ Өзбекстан, Астана, Қарағанды, Шымкент қалаларының өкілдері жұмыстарын ұсынды.
Конференцияда баяндамашылар жақсы белсенділік танытты. Нақты сұрақтарға жауап бере отырып, конференцияға қатысушылар өз жұмыстары туралы ұсыныстар алды. Конференция өте сапалы, қызықты және танымды өтті.

Барлық конференцияға қатысушылар жеке қатысқандарын растайтын атаулы сертификаттар алды.

17.10.2022, 16:09
400 қаралым