Қоғамдық денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы мамандарды даярлауды жетілдіру

ҚР ДСМ № 857 бұйрығына сәйкес 30.09.2022 ж. 17 қазаннан 22 қазанға дейін Қарағанды медициналық университетінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы құрылған жұмыс тобының өкілдері халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мамандарды даярлау мәселесін талқылады.

Топ құрамында: Жүнісова Насима Ахашқызы - ҚР ДСМ санитарлық - эпидемиологиялық бақылау комитеті басшысының м. а.; Елшібаева Зәуре Амантаевна - ҚР ДСМ Қостанай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары; Калыкова Әсел Тоқанқызы - ҚР ДСМ Алматы қаласы санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары; Смағұл Манар Асырқызы - ҚР ДСМ «Ұлттық денсаулық сақтау орталығының» ШЖҚ РМК санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары; Китарова Зайния Болатқызы - ҚР ДСМ ҰЭО өндірістік қызмет департаментінің кәсіптік білім беру жөніндегі менеджері; Калишев Марат Гузаирович – «ҚМУ» КЕАҚ Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің профессоры, м. ғ. к.; Дәулетқалиева Жәния Абайқызы – «ҚМУ» КЕАҚ Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің деканы; Сәрсенбаева Гүлзат Жанабайқызы – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасының меңгерушісі доцент, м.ғ. к. «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ; Мусина Айман Аяшқызы – «АМУ» КЕАҚ Қоғамдық денсаулық және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. профессор. Топтың алдында қолданыстағы заңнамаға сәйкес медициналық жоғары оқу орындарында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды даярлауды жетілдіру міндеті тұрды. Арнайы құрылған жұмыс тобы ҚМУ, АМУ және ОҚМА-ның БББ бойынша қоғамдық денсаулық сақтау мамандары мен санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы дәрігерін даярлаудың білім беру бағдарламаларына салыстырмалы талдау жүргізді.

Практикалық денсаулық сақтау қажеттілігін, денсаулық туралы кодекстің, биоқауіпсіздік туралы Заңның және ҚР басқа да құжаттарының талаптарын ескере отырып, түлектің құзыреттік пакеті негізделген. Тәжірибелік базаларға және тәлімгерлікке жіберу бойынша ұсыныстар, оның ішінде зертханалық практика дағдыларын бекіту бойынша талаптар берілді.

Қолданыстағы жүйені және оқу мерзімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар қаралды, оның ішінде біліктілікті арттыру, сертификаттау бағдарламалары бойынша ұсыныстар негізделді. Білім беру бағдарламаларын және мамандардың түпкілікті құзыреттерін қайта қарауға қатысты нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді.
21 қазанда ҚР ДСМ (ҒАРД, СЭБҚ) өкілдеріне жұмыс тобының баяндамасы таныстырылды, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А.С. Есмағамбетоваға нәтижелерді ұсынуды мақұлдай отырып, түзету мәселелері талқыланды.

26.10.2022, 16:03
401 қаралым