«Қазіргі әлемдегі этикет және қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлі»

31.03.2022ж Медициналық академияда «Қазіргі әлемдегі этикет және қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлі» атты іс-шара өтті. 

Іс-шарада барлық заманауи проблемалар қарастырылып, студенттерге әр-түрлі ситуациялық мәселелер ұсынылды. Өмірден мысалдар келтіріліп, көрініс арқылы мәселелерді шешу жолдары көрсетілді. Осындай іс-шараларды доцент Абуова Г.Т. 10 жыл бойына облыстық және қала деңгейде БАҚ өкілдерінің қатысумен өткізіп келеді. Осы іс-шараға шақырылған қонақтар: ақын, ҚР «Құрмет қызметкері»- Құрал Көмек,  Жулдаева Гүлнара Икрамовна – Шымкент қаласындағы ЖШС 13-ші «Қамқор» емханасының директоры. Іс-шара соңында Гүлнара Икрамовқызы студенттерге медициналық мекемелерде де осындай іс-шара өткізуді ұсынды, және қазіргі кезде әдепті адамдардың азайып бара жатқанын және Құрал Көмек ағамыз Абайдың сөздерінен «адам неғұрлым мәдениетті болса, оның жан дүниесі соғұрлым бай болмақ» деген сөзді алға тартты. Ұйымдастырушылар: фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы, сонымен қатар B-FOAB-05-19, B-FKB-05-17 және 01-20 шетелдік топтардың студенттері. Фармация факультетінің деканы Умурзахова Г.Ж. Абай Құнанбайұлының, Сен асыққан екен деп – Алла өмірін өзгертпес. Модератор к б., н и.о. Доцент Абуова Г.Т. Аль-Фарабидың, мына сөздерімен қорытындылады: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне опат әкеледі». Кафедра меңгерушісі Токсанбаев Ж.С. «Этика-бұл өмір сүретін барлық нәрсе үшін шексіз жауапкершілік» деген сөздерді алға қойып, студенттер мен модераторға ерен жұмысы мен белсенділігі үшін рақметін жеткізді.

14.04.2022, 13:43
454 қаралым