«Қазақстан — халықтар достығының мекені» атты мерекелік іс-шара

2024 жылы 2 мамыр қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының жетекшілігімен 1 курс педиатрия мамандығының білім алушылары «Қазақстан — халықтар достығының мекені» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді.
Мерекелік іс-шараның алғысөзін ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Қ.Сәлім ашып, Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет – ғұрпын, дәстүр – тарихын, тілін қастерлеп бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін айтты.
Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып саналады. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің баға жетпес байлығы.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

13.05.2024, 11:11
219 қаралым