Қазақстан тарихын оқытуда жобалық-бағдарлы технологияны жүзеге асыру
Ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын іргелі құндылықтарды, халықты рухын оятатын ана тілін меңгеру, салт-дәстүрді жаңғырту, халықтың тарихи өткенін толықтай қалпына келтіру, бүгінге азаматтық белсенділік таныту – бұл тәуелсіздіктің рухани тұғырнамасын құрайтын тарихи өзіндік сананы қалыптастыру жолы, жоғары оқу орнындағы оқу жылдары студенттердің университетте өзін-өзі дамыту дағдыларын дамытуға және бекітуге, елдің тарихи тағдырына одан әрі қызығушылық танытуға, оларға жанашырлық жасауға мүмкіндік алады, өз болашағын, азамат және патриот ретіндегі әлеуетін сезініп, ой-өрісін кеңейту қажеттігін түсінеді.
Қазақстан тарихын оқытуда жобалық-бағдарлы технологияны жүзеге асыру студенттің шығармашылық қабілеттері мен тұлғалық қасиеттерін дамытуға жағдай жасауға және бірінші курстан бастап студенттің кәсіби тұлғалық траекториясын құруға көмектеседі.
Биыл Қазақстан тарихындағы «Ақтабан шұбырынды және Алқакөл сұлама» оқиғасына 300 жыл толып отыр. Осы орайда жобаға бағдарлап оқыту технологиясын жүзеге асыру мақсатында кафедраның аға оқытушысы Алғабек Қабыл және «Медицина» білім беру бағдарламасының БМ-МКБ-1-23/Б1 оқу тобының студенттері Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайындағы «Қазақты сансыратқан қанды қырғын» тақырыбындағы іс-шараға қатысып, баяндама жасады. Мұражай мекемесінің ашылғанына 22 жыл толуына арналған танымдық кездесуден кейін студенттер мұражай көрмесімен танысты. Ел тарихы ұмытылмайды!