Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Ковидтен кейінгі синдромға арналған семинар-кеңес
2023 жылдың 13 сәуірінде ОҚМА-да Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Ковидтен кейінгі синдромға арналған семинар-кеңес өз жұмысын бастады. Семинарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас инфекционисті, м.ғ.д., профессор Кошерова Б.Н., ОҚМА ректоры, м.ғ.д., профессор Рысбеков М.М., Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты. Шымкент қаласының бас штаттан тыс мамандары: кардиолог, эндокринолог, психиатр, реабилитолог, сонымен қатар ОҚМА оқытушылар құрамы, БМСК дәрігерлері, интерндердер қатысты.
Семинарда постковидті синдромның таралуы, оның әртүрлі клиникалық көріністері бойынша соңғы ғылыми деректер айтылды, жетістіктер баяндалды және кардиологиялық, пульмонологиялық, эндокринологиялық, психиатриялық қызметтегі проблемалық мәселелер көтерілді. COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған, бірақ пациенттердің өмір сүру сапасын айтарлықтай төмендететін жанама әсерлері сақталған науқастарды оңалту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Баяндама жасады: м.ғ.д., профессор, жұқпалы аурулар және тері-венерология кафедрасының меңгерушісі Б.Н. Көшерова, м.ғ.к., профессор, кардиология және терапия кафедрасының меңгерушісі Г.Н. Абуова, м.ғ.к., доцент. Г.К. Асанова, ассистент М.Т.Серікбаева, практикалық денсаулық сақтау өкілдері – Алипова Г.Ш., Нышанова Б.С., Орманова Ж.А., Ережепов Б., Лекеров Қ.М., Асылбек М.С.
Семинар өз жұмысын Шымкент қаласының оңалту орталықтарында жалғастырады. Өзінің қорытынды сөзінде профессор Б. Н. Кошерова өткізілген іс-шараға жоғары баға беріп, Постковид синдромы проблемасының одан әрі ғылыми және практикалық дамуын тіледі.