Қазақстан – біздің ортақ үйіміз!
01 наурыз 2024 жылы Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында Алғыс айту күніне арналған «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз!» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік іс-шара «Медбиофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Мерекелік безендірілген залға білім алушылар, оқытушылар және ОҚМА әкімшілік өкілдері жиналды.
Құттықтау сөз кафедра меңгерушісі М.Б.Ивановаға берілді. Ол әріптестер мен білім алушыларды мерекемен құттықтап, оның қазіргі қазақстандық қоғамды біріктірудегі маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге қатысушыларды профессор Қ.Ж. Құдабаев құттықтады.
Алғыс айту күні – отансүйгіштік, мәдени құндылықтарды және Қазақстандағы азаматтардың олардың этникалық ұлтаралық өзара достастығын дәріптеу күні болып табылады.
Мерекелік концерттің қатысушылары: «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы бойынша алыс шет ел білім алушылары. Мерекелік кеш өзінің ерекшелігімен таңқалдырды: алыс шет ел білім алушылары қазақтың халық биі «Қара жорға» және Үндістан елінің классикалық биі «Манипури» сондай-ақ қазіргі заманғы үнді билері мен әндерін орындады. «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы тәлімгерлік топтар қазақ, өзбек ұлттық билерін орындап , қазақ тілінде күмбірлеген күй мен әсем ән шырқады.
Қонақтар концерттік бағдарламаға қатысушылардың таланты мен шеберлігін сондай білім алушылармен жүргізілген тәрбие жұмысының маңыздылығын атап өтті.