«Қазақ тілінің білімпазы» атты олимпиадасы

2024 жылы 17 мамырда қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен шетелдік білім алушылар арасында қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Қазақ тілінің білімпазы» атты олимпиада өткізілді.

Сайыста 1 курс білім алушыларынан бақтарын сынады. Байқаудың алғы сөзін ОҚМА-ның тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бойынша проректоры Е.Қ.Сәлім ашып, шетелдік білім алушылар мемлекеттік тілді түсініп, әдет-ғұрпымызды сыйлап, алған білімдерін іс-жүзінде іске асыра білуге тәрбиелеу екенін айтып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Сайысқа қатысушылардың өнеріне М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тілдерді дамыту» бөлімінің жетекшісі басшысы А.А.Жамантаева және қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының доценттері А.Н. Қасымбекова, Г.К. Темірбекова қазылық етті.


Әділ қазылардың шешімімен
І орын
«Достық өлкесі» тобының білім алушылары:
Nirmal Saklani, Khan Faizan, Khan Tehreem


ІІ орын
«Достар» тобының білім алушылары:
Sudhanshu Dhaundiyal , Tabish Reyaz , Masoom


ІІІ орын
«Жалын» тобының білім алушылары:
Mohd Muntazir, Bhat Riya, Rahman Bushra
«Үштік қауіп» тобының білім алушылары:
Tamboli Arshad Dilawar, Aastha, Singh Ayush

 

Сайыс жеңімпаздары дипломмен және байқауға белсене қатысқан «Медицина титаны», «Білімпаз», «Болашақ дәріге» топтары алғыс хаттармен марапатталып, кафедра атынан ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс-тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны сіздер де құрметтеп, қорғай біліңіздер.

21.05.2024, 15:05
198 қаралым