«Қазақ тілінің білімпазы» атты байқау

26.11.2021 жылы қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен түрлі этнос өкілдері арасында қазақ ақын-жазушыларының шығармашылықтарын насихаттау мақсатында «Қазақ тілінің білімпазы» тақырыбында байқау өткізілді.
Байқауда 1 курс білім алушылары бақтарын сынады. Байқаудың алғысөзін ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы, републикалық терминологиялық топтың мүшесі Е.Қ. Сәлім ашып, өзге ұлт өкілдерін қазақ қылып шығару емес, оларға мемлекеттік тілді түсініп, әдет-ғұрпымызды сыйлап, алған білімдерін іс-жүзінде іске асыра білуге тәрбиелеу деп үміткерлерге сәттілік тіледі.
Байқауға қатысушылардың өнеріне Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Г.А. Қалдыбаева, ОҚМА-ның орыс тілі пәнінің аға оқытушысы Г.М.Кемелова,және Медицина колледжінің жалпы білім беретін пәндер кафедрасының қазақ тілі пәнінің аға оқытушысы Ү.Ш.Ахбанбетова қазылық етті.
Әділ қазылардың шешімімен
І орын
Г.У.Шкуралиева – В-ЖМОБ-10-21 тобының студенті
ІІ орын
С.О.Мусаева – В-ЖМОБ-11-21 тобының студенті
ІІІ орын
Р.Т.Абдижапбарова – В-ФӨТОА-08-21 және М.Р.Турсиметова В-ФӨТОБ-08-21 тобының студенттері
«Үздік өнерпаз» номинациясын В-ПО-03-21 тобының студенті С.Т.Рустамжанов;
«Көркем сөз оқу шебері» номинациясын В-СТОБ-06-21 тобының студенті М.С.Мамаедова;
«Көрермен көзайымы» номинациясын В-СТОА-06-21 тобының студенті Ф.А.Нобиханова иеленді.
Байқауға жеңімпаздары және номинация иелеріне кафедра атынан ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Білім және ғылым министрлігі, Тіл саясаты комитетінің атынан еліміздің тіл саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасымен» кафедрамыздың аға оқытушысы Д.Ж.Кемелхан марапатталды.
Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс-тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны сіздер де құрметтеп, қорғай біліңіздер.

29.11.2021, 23:11
440 қаралым