ҚАСҚАСУДАҒЫ АҚТӨБЕ СТУДЕНТТЕРІ
Академиялық ұтқырлық аясында 2022 жылдың 6 маусымы мен 10 маусым аралығында «Фармакогнозия» пәні бойынша «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің» «Фармация» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының фармакогнозия кафедра оқытушыларымен бірге дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау және өңдеу бойынша Төлеби ауданы, Қасқасу ауыл округі, Керегетас ауылында орналасқан оқу-кәсіби базасында болды.
Оқу тәжірибесін бастамас бұрын студенттер далалық жағдайларда жұмыс істеудегі қауіпсіздік шараларымен танысты. Оларға күнделікті тапсырмалар беріліп, жұмыс жасау әдістемесін үйренді.
30 мамыр мен 17 маусым аралығында өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Фармация» білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс студенттері фармакогнозия кафедрасының оқытушыларымен бірлесіп, аймаққа таныстыру экскурсиясын өткізді.
Қонақтар жергілікті өсімдіктердің флористикалық құрамымен таныстырылды, білім алушылар ресурстарды ұтымды пайдалануды ескере отырып, әртүрлі морфологиялық топтардың шикізатын (жапырақтар, шөп, гүлдер, жер асты мүшелері, жемістер, тұқымдар, қабықтар) бірлесе отырып жинады, алғашқы өңдеу және кептіруді, сондай-ақ дәрілік өсімдік шикізатын гербаризациялауды жүргізді.
Тәжірибе барысында шөптесін, сүректі және бұталы өсімдіктер мысалында осы аймақтағы жабайы дәрілік өсімдіктердің қорын анықтау әдістері қолданылды. Студенттер Қазақстанның табиғи өсімдік ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарады.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері өңіріміздің бай шикізат базасына тәнті болып, келесі оқу жылынан бастап ОҚМА базасын БҚМУ практикалық базаларының қатарына қосуды өз университетінің басшылығына ұсынуға дайын екендіктерін білдірді.
Алдағы уақытта Қасқасу лагерінде Қазақстанның фармацевтикалық факультеттерінің студенттерімен қатар алыс-жақын шетелдердің серіктес ЖОО студенттері де тәжірибеден өтеді деп сенеміз.