«Қашықтықтан оқыту курстарын әзірлеу»

Қашықтықтан оқыту курстары - бұл кез-келген адамға белгілі бір курсты оқып, қажетті білімді игеруге және онлайн режимінде растайтын құжаттар мен сертификаттар алуға мүмкіндік беретін интерактивті интернет-ресурс болып табылады. Бұл оқытудың жаңа форматы ғана емес, бұл білім беру саласына көбірек енетін әртүрлі қызмет түрлерінің үлкен кешенін қамтитын жеке оқыту әдістемесі. Қашықтықтан оқыту курстарын құра білу білімге қолжетімділікті кеңейтуге, жаңа дағдыларды, білімді алуға, біліктілікті арттыруға және тіпті жаңа кәсіпті меңгеруге мүмкіндік береді.

«ОҚМА» АҚ оқытушыларының кәсіби құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлік деңгейін дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша Қашықтан білім беру технологиялары бөлімі 2021-2022 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамы үшін 60 сағат көлемінде «Қашықтықтан оқыту курстарын әзірлеу» модулі бойынша оқыту ұйымдастырды.

Ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан және 2022 жылдың қаңтар айына 5 топты онлайн режимде оқыту жоспарлануда. Бөлім меңгерушісі, осы оқу курсының жаттықтырушысы Халметова Ш.А. әр қатысушыға өзінің қашықтықтан оқыту курсының прототипін жасау бойынша бағыт-бағдар бере отырып, жолдама ұсынады.

Курстың мақсаты - онлайн білім беру индустриясының қазіргі жағдайы туралы түсінік беру, қашықтықтан оқыту курстарын жоспарлауға, әзірлеуге, іске қосуға және сүйемелдеуге үйрету.
Осы курсты аяқтағаннан кейін ПОҚ тиімді қашықтықтан оқыту курстарын құрудың және оларды оқытудың әртүрлі нысандары мен тәсілдерінде қолданудың базалық дағдыларына ие болады. Сондай-ақ, өз курстарын құру кезінде университеттің және өзіңіздің брендін, білім беру бағдарламаңызды алға тартасыз.
Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы және ақпараттық қоғамның қалыптасуы кезінде әр адам қашықтықтан оқыту курсы туралы білуі керек. Бұл оқытушылардан кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіруді және арттыруды талап ететін жаңа инновациялық бағыт.

29.11.2021, 22:52
696 қаралым