ҚАҚПАҚТАРДЫ ЖИНА - БАЛАҒА ӨМІР СЫЙЛА
2024 жылы 23 ақпан күні «Гигиена және эпидемиология» кафедрасы мен «Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты» орталығының ұйымдастыруымен «Қақпақтарды жина - балаға өмір сыйла» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты, «Добряки Шымкента» еріктілер қозғалысымен бастау алған «Крышечки дарят жизнь» экологиялық - қайырымдылық жобасына қолдау білдіру, сонымен қатар, академияның ПОҚ мен білім алушыларын осы жобаға қатысуға шақыру. Жобаның мақсаты - экологияны қорғай отырып, қатерлі ісікке шалдыққан балаларға қаржылық көмек көрсету.
Іс-шараға - Generation ҚБ өкілі, EcoCashback жобасының негізін қалаушы - Владислав Голярко; «Добряки Шымкента» еріктілер қозғалысының өкілі - Камила Нуриева; Эко-белсенді - Айсұлу Кунанбаева, сонымен қатар ОҚМА кафедраларының тәрбие жұмысына жауапты оқытушылар мен студенттік ректор, белсенді, ерікті студенттер қатысты.
«Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі П.Д. Утепов дөңгелек үстелдің алғы сөзін айтып, бастап берді. Generation ҚБ өкілі - Владислав Голярко, «EcoCashback» атты жобасымен таныстырып, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, екіншілік өнім алуға болатынын айтып өтті. Эко-белсенді - Айсұлу Кунанбаева өз баяндамасында қатты тұрмыстық қалдықтар қоршаған ортаны ластап жатқанын айтып, шешу жолдары туралы да айтып кетті. Сонымен қатар, «Добряки Шымкента» еріктілер қозғалысының өкілі - Камила Нуриева, экологиялық – қайырымдылық жобасымен таныстырып, жобаны қолдауға, қатысуға шақырды. Іс-шара соңында, ОҚМА - ның тәрбие жұмысына жауапты оқытушылар мен белсенді студенттер жобаның жалғасуын бір ауыздан қолдау білдірді.
Кафедра меңгерушісі П.Д. Утепов қонақтарды ОҚМА ректорының алғыс хатымен марапаттап, жұмыстарына табыс тіледі.