«Қамқорлық пен мейірімділік» қайырымдылық акциясы

2022 жылдың 14 ақпанында Шымкент қаласындағы «Көмек» дағдарыс орталығында «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасы қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары аталмыш шараның бастамашылары болды. Кафедра меңгерушісі Сейдахметова Айзат Әшімханқызы қайырымдылық шаралар мен игі істерді өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Дағдарыс орталығының әлеуметтік көмекке мұқтаж аналар мен балаларына азық-түлік (10 жәшік) берілді. Магистранттар аналар мен балаларға жомарт болу, қолдағы барды мұқтаж жанмен бөлісу дегенді білдіретін көптеген жылы лебіздерін білдірді. Қазақ халқының ең асыл қасиеттерінің бірі – кең пейілділік, ашықтық. Бұл қасиет басқаға көмектесуге, оның көңілінен шығуға дайын болу адамға тән.
Шара соңында дағдарыс орталығының директоры Жүсіпова Малика Әбдірашқызы іс-шараны ұйымдастырушыларға, магистранттар мен кафедра қызметкерлеріне шексіз алғысын білдіріп, лебізін білдірді. Балалардың ата-аналары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, қоғам тағдырын ойлайтын, алаңдайтын азаматтар бар мемлекетте тұрақтылық пен жарқын болашақ орнайтынын атап өтті.

18.02.2022, 17:53
549 қаралым