«Қайырымдылық - жылы жүректен»

2024 жылдың 08-сәуірінде «ЖТД-3» кафедрасының ассистенттері Онласбекова Г.М және Баймакова Г.Ш жетекшілігімен ІЖТДҚ-19-23, ІЖТДҚ-20-23 топ интерн-дәрігерлерімен бірлесе Шымкент қаласы №4 Каусар корпоративтік қор интернатына «Мейірімділік мекені- қайырымдылық» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Қайырымдылық – жүректегі мейірімнің сәулесі. Қайырымдылық жасау – адам жанының ізгілігінен, рухани дүниесінің байлығынан, ішкі әлемінің жарықтығынан шығатын игі іс. Ал ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік және таза ой.
Іс-шараның мақсаты: интерн-дәрігерлерді, әрбір азаматты қайырымдылық істерге тарту, баулу және балалар мен жасөспірімдердің арман-тілектеріне қол жеткізулеріне көмек беру, ортақ күш салу болып табылады.
Қасиетті Рамазан айында қам көңіл қыздарды барынша қуанту үшін, қолымыздан келгенін жасауға тырыстық. Іс-шараға 49-қыз балалар қатысты. Қасиетті Рамазан айының маңызын, мерекенің мәнін түсініп, қасиетті айдан тек қана жақсылық күтетіндерін жеткізді. Балаларға тәттілер, көңілдерін көтеру үшін аз-маз сыйлықтарымызды алып бардық. Балаларға өз ата-анасындай ешкім бола алмасы анық. Бала-біздің басты бақытымыз.
Интерн-дәрігерлер «Салауатты өмір – денсаулық кепілі» , «Дұрыс тамақтану» тақырыбында дайындаған түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, Тағай Үміт қыздармен пікір талас жасап, сауалнама жүргізді. Тойшиева Айдана мен Әмзеханов Мұрат көңіл-күйлерін көтеру мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырып, қыздарды бір сергітіп, ойын ойнау арқылы өздері таңдаған әртүрлі сыйлықтарды қуана алды.
Балалар қатты қуанып қалды, титтей нәрсе болса да, олар үшін ол орасан зор бақыт екені көрініп тұр. Интерн дәрігерлер балалармен бірге әрі қарай, олардың өнерін тамашалап, қыздардың өздері білетін ойындарды ойнатты. Бірі ән айтса, бірі өлең жолдарын мәнерлеп оқып, би жағынан өз өнерлерін көрсетті. Барлығы бірігіп түрлі билерді билеп мәз мейрам болды. Қандай тамаша, неткен керемет, балалар өте алғыр, пысық, ақылды, тәрбиелі болып өсіп жатыр екен. Ешкімнен кем емес етіп, жақсы тәрбие беріп, қатарларының алды етіп тәрбиелеп жатқан мекеме басшылығына, тәрбиешілерге қайран қалып, шексіз алғыс айттық. Күніміз өте қызықты өтті. Балаларымыз жыламаса екен деген іштей тілек болды. Іс-шара соңы Қасиетті Рамазан айындағы ауызашар дастарқанымен жалғасты.
Ал, «Каусар» интернат басшылығы мен қызметкерлері болса, балаларға қуаныш сыйлаған интерн-дәрігерлерге ризашылықтарын білдіріп, алғысыстарын жаудырып, дендеріне саулық, жақсы білім алып, ақ халатты абзал жандар болуларына тілектерін білдірді.
«Балалар - өмірдің гүлі». Мұндай іс-шаралар балаларға қоғамның қолдауын, қамқорлығын түсінуге мүмкіндік береді. Болашақта бұл балалар біздің қоғамға қамқорлық жасауды және қызмет етуді, өз Отанын сүюді жалғастырады! Қайырымдылық істеріміз көп болсын!

24.04.2024, 11:39
224 қаралым