«ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

2020 жылдың қаңтардың 29-шы жұлдызында «Фармацевттік өндірістің технологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Фармацевтикалық өндірістің технологиясы» мамандығының 3,4 курс тәлімгерлік топтары арасында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингтің мақсаты: білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру болып табылды.

Іс-шараға Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ арнайы психолог маманы – Намуратова Нұргүл, ЖШС «№ 14 Емдеу орталығының» психолог мамандары - Орынбаева Ақмарал Елубаевна, Елубай Фарида, жас журналист - Құрақ Айгерім Пликқызы (Алматы қ.) және «Психикалық сауықтыру орталығының» дәрігер-наркологы - Саматаева Гульнара Ергазықызы, сондай-ақ «Фармация» факультетінің декан орынбасары Сапақбай Мәлік Мырзаханұлы, «Жастар саясаты бөлімінің» меңгерушісі Ахметов Нұрлан Рашитұлы және кафедралардан шақыртылған профессор - оқытушылар құрамы қатысты.

1494 1

Іс-шараны «Фармация» факультетінің декан орынбасары Сапақбай Мәлік Мырзаханұлы мен кафедрамыздың профессоры Орымбетов Эмит Махатович ашып берді.

Арнайы шақыртылған психолог мамандар жастар арасында кеңінен таралып жатқан психологиялық күйзелісті, яғни стрессті, депрессияны, жан дертіне ұшырауды қалай алдын алуға болатынын немесе ол жағдайлардан қалай жеңіл шығуға болатынына бағыт беріп, өз ақыл-кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар бейнеролик көрсетіліп, студенттер арасында түрлі мотивациялық ойындар ойнатылды.

1494 2

Жастар арасындағы суицид бағытында зерттеулер жүргізіп жүрген жас журналист Құрақ Айгерім Пликқызы статистикалық мәліметтермен бөлісіп, журналисттік зерттеулері барысында кездескен түрлі жағдайларды әңгімелеп берді.

1494 3

Дәрігер-нарколог Саматаева Гульнара Ергазықызы нашақорлық пен ойынқұмарлықтың, маскүнемдіктің салдары алып келетін жағдайлар туралы баяндама жасады.

1494 4

Қорытындылау сөз алған Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Ахметов Нұрлан Рашитұлы және Фармакогнозия кафедрасының аға оқытушысы Серікбаева Тойгул Сейтановна мен Фармацевттік өндірістің технологиясы кафедрасының доценті Өмірбаева Ажар Ережеповна кез келген қиыншылықтың алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуіміз қажет екендігін, осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп, үлкен нәтижеге жетеріміз хақ деп, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, өз ойларын білдірді.

1494 5

Іс-шараның соңында студенттер Исмайл-оглы Мелек және Мүсірепова Айжан кафедра ұжымына өте маңызды тақырыпта ұйымдастырылған деп алғыстарын білдірді.

05.02.2020, 02:42
206 қаралым