«Профессордың сапары: серіктес жо,ары оқу орындадағы халықаралық ынтымақтастық арқылы академиялық ортаны байыту»
2024 жылдың 11 наурызынан 15 наурызына дейін «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасы ұйымдастырған Каунас қаласы, Литва медицина ғылымдары университетінің бас ғылыми қызметкері, профессор, «Мейіргер ісі» кафедрасының және университеттік клиниканың меңгерушісі Аурелия Блажевичененың сапары өтті.
Іс-шара ректор Мырзабек Мырзашұлы Рысбеков пен проректорлар Марлен Махмудұлы Есиркепов, Мария Ұласбекқызы Анартаева, стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Алма Абдукаримовна Ахметова, медицина факультетінің деканы, «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі Айзат Әшімханқызы Сейдахметова, докторанттар Умида Абдывалыевна Ходжакулова және Дана Әуезханқызы қатысқан кездесуден басталды. Білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстары саласындағы екі ұйым арасындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Аурелия Блажевичене академия бөлімшелерімен, анатомиялық мұражайдың жұмысымен, тәжірибелік дағдылар орталығымен, тест орталығымен танысты, ауызша емтиханға, тәжірибелік сабаққа және тест тапсырмаларын жүктеу процесіне қатысты.
Бағдарламаның бірегейлігі оның бакалавриаттан бастап әртүрлі мамандықтар мен білім беру бағдарламаларының докторантура деңгейіне дейінгі білім беру процесінің барлық кезеңдерін қамтуы болды.
«Жалпы медицина» және «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламаларының бакалавриат студенттерімен келесі тақырыптар бойынша сұрақтар талқыланды: «Мейіргер ісі, кеше, бүгін, ертең. Денсаулық сақтау жүйесіндегі кәсіптік оқыту».
«Мейіргер ісі», «Медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Фармация» білім беру бағдарламаларының магистранттары және «Медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Фармация» білім беру бағдарламаларының докторанттары «Денсаулық сақтау жүйесіндегі командалық жұмыс. Дәлелді медицина және оны енгізу. Зерттеу процесі». Білім алушылар құнды тәжірибе, мақалалар мен диссертациялар жазудың жаңа идеялары мен тәсілдерін алды.
Жеделдетілген оқыту түріндегі «Мейіргер ісі» бакалавриат студенттерімен кездесу үшін жеке күн бөлінді. Интерактивті түрде олар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, медицина және мейіргер әлеміндегі жаңа тенденциялар туралы білім алды. Тәжірибелік денсаулық сақтау саласында тәжірибе және өз көзқарастарымен алмасты, өйткені олардың әрқайсысының әр түрлі салада тәжірибесі мол.
Визитинг аясында «Көшбасшылық. Білім беру бағдарламаларындағы оқыту әдістеріне жаңа көзқарас» атты өзекті тақырыптарға сертификат бере отырып, меңгерушілерге, декандарға және профессорлық-оқытушылық құрамға арналған семинар ұйымдастырылды.
Профессорға жемісті жұмысы үшін, академия басшылығы мен кафедраға іс-шараларды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз!
Одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз, шығармашылық табыс пен өркендеу тілейміз!