Профессор ЭркинбекСагыналиевич Матыевті еске алу күніне арналған "Фармацияны басқару және экономикасы" пәні бойынша халықаралық онлайн олимпиада

2022 жылдың 15 наурызында Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында ZOOM платформасында "Фармация" мамандығының 4,5 курс білім алушылары үшін И. К. Ахунбаев атындағы қырғыз мемлекеттік медицина академиясының Профессор Еркінбек Сағыналыұлы Матыевті еске алу күніне арналған "Фармацияны басқару және экономикасы" пәні бойынша халықаралық онлайн олимпиадаөтті.
Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған олимпиадаға комиссия мүшесі болып, И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының ректоры м.ғ.д. профессор Кудайбергенова И.О.,ФБЭ кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д. профессор Чолпонбаев К.С., профессорлық-оқытушылық құрамы, модератор м.а. ф.ғ.к.доцент Дооталиева С.Ч. және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры м.ғ.д. профессор Рысбеков М.М., «Фармация» декан м.а. доцент, PhD доктор Умурзахова Г.Ж.,ФІҰжБ кафедрасының меңгерушісі профессор Шертаева К.Д., қауым. профессор Блинова О.В., PhD доктор, доцент м.а. Утегенова Г.И. профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Олимпиадаға қатысушы командалар:
1)  «Modern Managers» Б.Осмонов атындағы ЖАМУ
2) «Алхимик» Марат Оспановатындағы Батыс Қазақстан медицина университеті.
3) «GPP-good pharmaceutical people» Пермь мемлекеттік фармацевтика академиясы
4) «5-ый элемент» С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
5) «Ташфарми» Ташкент фармацевтикалық институты
6) «Pharm Helpers» Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
7) «STERN» И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Pharm Helpers» командасы Умарова Д; Жанбосынова А; Атырхан А; Абилхайр А; Төреханова К; Усенов Б; Биболат Ж; білім алушыларынан құралды.

Олимпиада 3 турда өтті:
Командалық таныстыру
1) «Google» платформасында тест тапсырмалар
2) Ситуациялық тапсырмалар
3) «Инфекциялық емес аурулардың алдын алуда фармацевтің рөлі» тақырыбындағы видеоролик

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасында «Pharm Helpers» командасы олимпиадаға қатысқан 7 команданың ішінен белсенділік танытып, 2-ші орынға ие болды.

 

Кафедрамыздың атынан білім алушыларды құттықтаймыз!

01.04.2022, 17:33
840 қаралым