Познаньдағы Адама Мицкевич атындағы поляк университетінің профессорлары қонақта

2022 жылдың 18 тамыз күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына Польшаның Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінің профессорлары: биология факультетінің деканы, профессор Беата Мессиаш, қоршаған орта химиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Богуслава Леска, химик-аналатик, профессор Радослав Панкевич және бейорганикалық химик PhD Лукаш Тобиаш академиямыздың қонағы болды. Қонақтар алдымен академия базасы және ғылыми зертханаларымен танысып шықты. Академия ректоры М.Рысбековпен сұхбаттасты. Оқу орнының кіші мәжіліс залында академия профессорларымен пікір алмасып, алда бірлесіп атқаратын ғылыми жобаларды талқылады. Академиялық ұтқырлық бойынша қонақтар екі апталық тегін жазғы мектептен өткізу үшін академияның екі ғылыми қызметкерін қабылдауға дайын екенін жеткізді. Бұл жұмыс алдағы үлкен ынтымақтастықтың бастауы болатынын жеткізді.

19.08.2022, 09:56
438 қаралым