«Постковидті синдром таксономиясы»

12.сәуір күні №5 қалалық емханада ОҚМА «ЖТД-2» кафедрасы «Буын ауруларының медициналық орталығымен» бірлесіп Ғылым күніне арналған «Постковидтік синдром таксономиясы» тақырыбы бойынша мастер - класс өткізді. Мастер классты, тәжірибелі дәріскер, ревматолог дәрігер Шоқан Тілеуқұлұлы Баймұхамедов жүргізді. Шеберлік сабағына кафедраның профессорлық - оқытушылық құрамы, ЖТД-2 кафедрасының интерндері, емхананың терапевт дәрігерлері қатысты.

Бірлескен синдромның негізгі клиникалық көріністері және оның ковидтегі ерекшеліктері, диагнозы және емі туралы мәселелер қозғалды. ЖТД-2 кафедрасының интерндері өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Шеберлік сабағы нәтижесінде алынған білімді интерндер, одар әрі тәжірибелік қызметтерінде пайдаланытын болады.

13.04.2022, 12:53
477 қаралым