Польша Республикасына Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының ректоры Б.Д. Сексенбаевтың жұмыс сапары
2016 жылдың 22-23 тамыз аралығында Польша Республикасына жұмыс сапары аясында келесі іс-шаралар өткізілді.
2016 жылдың 23 тамызында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы (ары қарай - ОҚМФА) Қазақстан – Польша экономикалық бизнес-форумына қатысты, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Польша Республикасына мемлекеттік сапары аясында өтті (Варшава қ.).
Бизнес-форум кезінде ОҚМФА және «Рolpharma» фармацевтикалық компаниясы арасында ғылым мен білім саласында ынтымақтастық жайлы келісімге қол қойды.
ЖОО тарапынан құжатқа қол қоюға ОҚМФА ректоры Б.Д.Сексенбаев, «Рolpharma» компаниясы тарапынан компания басшысы - Ежи Старак қатысты.
Бизнес-форум соңында ОҚМФА өкілдерінің «Рolpharma» компаниясы өкілдерімен кездесуі өтті:
- «Рolpharma» басшысы Ежи Старак;
- «Химфарм»АҚ басшысы (Шымкент қ.) Ижи Урбанец;
- R@D «Химфарм»АҚ басшысы Данаил Дончев;
- «Рolpharma» тобы құрамындағы «HerbaPol» компаниясы басшысы Роман Горный (Польша Республикасы);
- Люблян медициналық университетінің ректоры Казимерз Гловниак (Польша Республикасы).
ОҚМФА ректоры өткен келісім сөздердің жемістілігін атап өтіп, «Рolpharma» компаниясы және жалпы серіктес – Гданьск медициналық университеті мен ОҚМФА арасында ғылым мен білім бойынша тығыз ынтымақтастық бар екенін айтты.
Гданьск медициналық университеті мен ОҚМФА денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы «Медициналық және фармацевтикалық білімді модернизациялау» жобасында стратегиялық серіктесі болып табылады.
Кездесу барысында ОҚМФА «Рolpharma» компаниясы және Люблинск медициналық университетімен Оңтүстік Қазақстан дәрілік шөптерін зерттеу, галендік өндірісті дамытудың болашағы, ОҚМФА және Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластері қатысуымен «Химфарм» АҚ базасында отандық толық циклді дәрілік шөптер өндірісінің даму мәселелері талқыланды.