Польша мемлекеті «А.Мицкевич атындағы университет» профессорымен жүздесу
10.05.2024 ж. күні Польша мемлекеті «Адам Мицкевич атындағы университет» Биология факультетінің эксперименттік биология институтының профессоры Ева Сжука «Микробиология,вирусология және иммунология» кафедрасы ПОҚ-мен жүздесті. Профессор өз университетінің тарихы мен жетіскітерін презентация түрінде таныстырды. Сонымен қатар «Стафилококк штаммдарының геномдық байланысы», «Антибиотиктерге төзімділіктің молекулалық негіздері» және «Бактериялық вируленттіліктің молекулалық негіздері» тақырыбында өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті. Профессор мен кафедра ПОҚ-ы Ғылыми қызығушылықтар бойынша қай бағытта жұмыс жасай алатыны талқыланды. «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Сейтханова Бибігүл Толегенқызы екі жақты мемарандумға отыруға және ғылыми бағытта бірлесе жұмыс жасауға ниет білдірді. «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-ы академиялық ұтқырлық бойынша тәжірбие алмасу және де ғылыми жетекшілік жасау бағытында ПОҚ өкілдеріне барлық жағдай қарастырылғанын жеткізді.