Polpharma тобының диджитал технологияларының жетекшісі Фабрицио Франчезионың Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына сапары
2023 - жылдың 9 - маусымында сағат 14.00-де ОҚМА-ның үлкен акт залында серіктесіміз және жұмыс беруші - Санто фармацевтикалық компаниясының қолдауымен Polpharma тобындағы диджитал технологиялардың жетекшісі Фабрицио Франчезионың ОҚМА басшылығы және ПОҚ, докторанттар, магистранттар және «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» БББ білім алушыларымен кездесуі өтті. Кездесу барысында Фабрицио Франчезио "Цифрлық ойлау мүмкіндіктерін пайдалану: денсаулық сақтаудағы өзгерістердің катализаторы" тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс соңында Фабрицио Франчезио дәрісті тыңдаушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
27.06.2023,
10:53
641 қаралым