«Полипрагмазия: мәселелері және шешімі»

3.10.2018 ж. - 4.10.2018 ж. аралығында Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы» «Полипрагмазия: мәселелері және шешімі» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға ОҚМА клиникалық кафедралардың профессор-оқытушылар құрамының 48 тыңдаушысы қатысты. 

1242 1

Дәрілік заттарды тиімсіз қолдану барлық елдерде маңызды мәселе болып табылады. ДДҰ бағалауы бойынша барлық дәрілік заттардың жартысынан астамы дұрыс тағайындалмайды, босатылмайды немесе сатылады, ал дәрілік заттарды алатын барлық науқастардың жартысы оларды дұрыс қабылдамайды. Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық"  Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, қазіргі уақытта дәрілік заттарды тиімді қолдануға үлкен мән беріледі.

1242 3

Полипрагмазия емделуші үшін де (жанама реакциялардың дамуы және терапияға резистенттілік) және денсаулық сақтау жүйесі үшін де (экономикалық шығындар) елеулі салдарларға ие, әсіресе шектеулі қаржыландыру жағдайында өткір сезіледі.

Оқыту бағдарламасына келесі сұрақтар енгізілді: полипрагмазия; эпидемиология, қауіп факторлары және полипрагмазияның клиникалық салдары; әртүрлі жастағы емделушілердегі фармакокинетика және фармакодинамика ерекшеліктері; жағымсыз жанама реакциялар және полипрагмазиямен емделушілердегі дәрілердің өзара әсерлесуі; дәріледің өзара әсерлесуінің бағдарламалары (дәрі-дәрмектердің шектеулі тізімі, Бирс критерийлері, STOP- START); дәлелді депрескрайбинг алгоритмдері. Семинар барысында оқытудың дидактикалық әдісі, шағын топтарда жұмыс  қолданылды.

Семинар соңында тыңдаушылардан кері байланыс алынды

1242 2

Семинарға ОҚМА-ның профессор-оқытушылар құрамы жоғары баға берді. Семинар ақпаратын білім беру бағдарламаларына енгізу, практикалық денсаулық сақтау саласына ақпаратты жеткізу, семинарда тәжірибе сағаттарын арттыру ұсынылды. 

Жалпы тәжірбиелік дәрігер- Досыбаева Г. Н. 2 кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д, профессор: «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасына семинарда пайдалы және мазмұнды ақпарат үшін алғыс білдіргім келеді. Алынған мәліметтерді дәрігерлер тәжірибесінде барлық кезеңдерде қолдану керек, интерндерді, соның ішінде ЖТД-ны қосымша практикалық дағды ретінде оқыту керек, клиникалық кафедралар арасында уақытылы, өзекті ақпаратпен жиі алмасу қажет».

Акушерия және гинекология кафедрасының ассистенті Джунусова Р. К: 

«Семинар өте қызықты, ақпаратты, мазмұнды дайындалған. Білім беру және клиникалық практикада қолдануға қажет қызықты, қажетті дағдыларды алдық».

 

08.10.2018, 23:15
445 қаралым