ПМФИ-МЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАЛҒАСУДА

Жоғары білікті фармацевтерді дайындаудың маңызды құрамдас бөлігі студенттердің өндірістік тәжірибесі болып табылады. Осы жағдайды ескере отырып, біздің академия басшылығы студенттердің теориялық білімдерін тереңдетіп, тәжірибеде қолдана алуы үшін ең танымал фармацевтикалық университеттер мен ұйымдар орналасқан әлемнің әртүрлі қалаларында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ мен Пятигорск медициналық-фармацевтикалық институты – Волгоград мемлекеттік медицина университетінің филиалы (ПМФИ – ВолгоГМУ филиалы, Ресей, Пятигорск қ.) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум негізінде «Фармация» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Абилхайр Аружан Нуридинқызы, Атырхан Аружан Орынбасарқызы, Даулбаева Аружан Нуржігітқызы, Тұрсынбай Береке Ардаққызы, Ташкараев Азамат Рахматуллаевич фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі фарм.ғ.к. проф.м.а. Орынбасаровамен К.К. 2022 жылдың 30 мамыры мен 10 маусымы аралығында ПМФИ ВолгоММУ филиалы фармакогнозия, ботаника және фитопрепараттар технологиясы кафедрасының базасында өндірістік тәжірибеден өтті.

Бұл аймақта практикадан өту Ставрополь өлкесінде өсетін, білім беру бағдарламасының үлкен бөлігін алатын құрамында алкалоидтар, жүрек гликозидтері, эфир майлары кездесетін дәрілік өсімдіктердің алуан түрлілігі.
Өндірістік тәжірибенің мақсаты – Солтүстік Кавказ флорасының дәрілік өсімдіктерінің өсу жағдайлары мен экологиясымен, ботаникалық бақта өсімдіктерді тәжірибелік өсіру мүмкіндіктерімен танысу, көптеген маңызды дәрілік түрлерді мәдениетке енгізу тәжірибесін зерттеу.
Сонымен қатар, ОҚМА фармакогнозия кафедрасының гербарий және шикізат қорын толықтыру үшін студенттер Қазақстанда өспейтін дәрілік өсімдіктердің гербарийі мен шикізатын дайындауға мүмкіндігі бар.
Практикадан өту аясында институттың, фармацевтика факультеті кафедраларының жұмысымен, фармацевтикалық пәндерді оқытудың ерекшелігімен, ғылыми-зерттеу зертханаларымен таныстық. Фармакогнозия, ботаника және фитопрепараттар технологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор, фармацевтика ғылымдарының докторы, ПМФИ директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Д.А. Коновалов кафедраның ғылыми жетістіктерін, қалыптасу және даму жолдарын көрсетті.

Жұмыс жоспарына сәйкес студенттер ПМФИ ботаникалық бағында жұмыс істеді, онда әртүрлі фармакопеялық, дәрілік және сәндік өсімдіктерді мәдени өсіру шарттарымен танысты: Кавказ диоскореясы, алқызыл долана, кәдімгі анис, жылқы каштаны және т. б.
Студенттер ботаникалық бақта ауылшаруашылық технологиясын оқумен қатар, дәрілік өсімдіктерге макроскопиялық және микроскопиялық талдаулар жүргізді.

Өндірістік практика нәтижесінде студенттер теориялық білімдерін бекітіп, ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында дәрілік өсімдіктерді зерттеу дағдыларын қалыптастырды.
Міндетті тәжірибе бағдарламасына қосымша студенттер мен практика жетекшісі, профессор м.а. Орынбасарова К.К. халықаралық қатысуымен өткен «Дәрілік өсімдіктерді зерттеудің ғылыми жобалары» атты дөңгелек үстелге қатысып, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін таныстырды. Дөңгелек үстел ұйымдастырушылары мен қонақтар арасында ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларын өткізу туралы тәжірибе мен пікір алмасуы өтті. https://www.pmedpharm.ru/news/2022-06-11-04.html

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттер тобының жетекшісі, фармакогнозия кафедрасының профессор м.а. Орынбасарова К.К. академиялық ұтқырлық шеңберінде Пятигорск медициналық-фармацевтикалық институтының – Волгоград мемлекеттік медицина университетінің филиалының базасында болды. https://www.pmedpharm.ru/news/2022-06-11-03.html
Визитинг бағдарламасына фармацевтика факультетінің студенттерімен оқу процесіне қатысу (дәріс, практикалық сабақтар), оқытушылармен мастер-кластар өткізу, оқытудың белсенді әдістерін өткізу тәжірибесін енгізу, бірлескен білім беру бағдарламаларын талқылау және келісу, институттың ғылыми және клиникалық орталықтарына, өндірістік практика базасына бару және т. б. кірді.

«Қазақстан күні» өткізілді, онда 4 курс студенті Таштемиров Азамат домбырада «Адай» және «Балбырауын» композициясын ойнады.

ПМФИ директоры проф. М.В. Черниковпен кездесу барысында біздің жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, біздің жоғары оқу орындары арасында бірлескен білім беру бағдарламаларын келісіп талқылап, одан әрі өзара іс-қимыл мәселелері айтылды.

Әріптес жоғары оқу орнымен байланысты одан әрі дамыту және нығайту, фармацевтика саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлау саласында ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен нысандарын іздестіру өзара тиімді нәтижелер алуға ықпал ететін болады.
Қабылдаушы тарап, ПМФИ фармакогнозия, ботаника және фитопрепараттар технологиясы кафедрасының меңгерушісі, Д.А. Коноваловқа және кафедра қызметкерлеріне алмасу бағдарламасын ұйымдастырып, жылы қабылдағаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Студенттер практика оларға дәрілік өсімдіктерді зерттеу саласындағы өз білімдері мен дағдыларына неғұрлым сенімді сезінуге көмектескенін атап өтіп, Пятигорск медициналық-фармацевтикалық институтында өндірістік практикадан өтуге мүмкіндік бергені үшін академия басшылығына үлкен алғысын білдіреді.
Жастар академия басшылығына және ОҚМА ректоры М.М. Рысбековке Ресейдің жетекші фармацевтикалық жоғары оқу орындарының бірінде өндірістік практикадан өтуге, білімдерін толықтыруға мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғыс білдірді.

21.06.2022, 12:47
498 қаралым