Пікірталас «Туберкулез – созылмалы жұқпалы ауру»

2016 жылдың 12-14 наурыз аралығында Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен ОҚМФА  Жастар денсаулық орталығының бекіткен жоспарына сәйкес туберкулез ауруының алдын алу мақсатында «Неврология, психиатрия және психология» кафедрасында «Туберкулез – созылмалы жұқпалы  ауру» атты тақырыпта 5,2,1 курс студенттерінің арасында пікірталас өткізілді.

736 1

Пікірталасқа  ҚДС  мамандығының 5 курс студенттері: 1 жігіт және 21 – қыз қатысты. Пікірталасқа  сай тақырып бойынша 2 баяндама тыңдалды.

736 2

Қорытынды сөзді «Неврология, психиатрия және психология»  кафедрасының меңгерушісі Дущанова Г.А. айтты: «Науқастың әрекеті, күресуі оның ағзасында шешуші рөл атқарады, сондай-ақ күнделікті өмірдегі және еңбектегі  әртүрлі қолайсыз жағдайлардан науқастың жағдайы  төмендеуі мүмкін. Біз сіздерге туберкулезге  тұрақты  болуларыңызды  тілейміз».   

Іс – шара  соңында  студенттерге парақшалар таратылды.

14.03.2016, 04:55
460 қаралым