Педагогикалық құзыреттіліктер бойынша оқыту
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында «Тиімді оқытушы», «Зерттеуші-ғалым», ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, мәселеге бағдарланған оқыту деген педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру циклдары бойынша кафедра қызметкерлерінің оқытуы өткізілуде. Жақын арада қосымша оқыту келесі құзыреттер бойынша жоспарда: «Кәсіпқой маман, басшы, ұйымдастырушы», «Коммуникативті дағдылар және медициналық этика».
Циклдарды Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің инновациялық технологиялар трансферті Орталығы базасында оқу өткен академияның жаттықтырушылары жүргізеді. Екі айдың ішінде 200-ден астам оқытушыларды оқыту жоспарлануда.
Оқытушылар жаттықтырушылардың жоғары кәсіпқойлығын айта кетіп, тиімді оқыту, медициналық білімдегі зерттеулерді жасау саласындағы білім алуға қызығушылық білдіреді.
Одан басқа заманауи ақпараттық технологияларды тиімді қолдану, пәндерді оқу үшін электронды ресурстарды дамыту дағдылар мен машықтар маңызды болып табылады.