Пандемиядан кейін дуальды оқытуды жаңғырту

2014 жылдан бастап академияның фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы мен «Химфарм» АҚ арасындағы ынтымақтастық аясында «Фармация» білім беру бағдарламасының білім алушылары «Дәрілік заттардың стандартизациясы және метрология» пәні бойынша дуальды оқыту жүзеге асырылуда.
Дуальды оқытудың мақсаты өзіне қажетті кәсіби құзыреттіліктерге ие білікті бітірушілерді даярлау болып табылады. Осылайша, дуальды оқыту - болашақ мамандар үшін мамандық бойынша қажетті тәжірибе алудың тамаша мүмкіндігі, ал жұмыс берушілер үшін үздік студенттер арасынан кадрларды жинақтау мүмкіндігі.

Өте ұзақ пандемия кезеңінен кейін В-ФК-05-18 тобы 20.10.2022 - 14.12.2022 аралығында аталған кәсіпорында сапаны бақылау бөлімі (ОКК) және парентеральды сұйық дәрілік түрлер өндірісі цехында (ЦППЖЛС) дуальды оқытудан өтті.
База жетекшілері ОКК меңгерушісі Е.А.Лунина және ЦППЖЛС алдыңғы қатарлы химигі Л. А. Султанова оқуға қажетті барлық материалдармен қамтамасыз етіп, оқу тобының жұмысына қолайлы жағдай жасады.
Дәрілік заттардың сапасын бақылау және тұрақтылығын зерттеу бойынша практикалық жұмыстар, сонымен қатар фармацевтикалық өнімдердің сапа спецификацияларын – нормативті құжаттарды әзірлеу білім алушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Студенттер кафедра оқытушылармен қорытынды кездесуде өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. Болашақ түлектер бұл оқыту әдісі алған білімдерін қолдануға және практикалық жұмыс дағдыларын шыңдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ олар жабық типті фармацевтикалық зауытқа кіруге мүмкіндік алып, практикалық қызметкерлерден ақпарат алғандарына алғысын білдірді. База жетекшілері оқу тобы жайлы жылы лебіздерін білдіріп, оқыту қорытындысы бойынша жақсы мінездеме берді.

Кафедра меңгерушісі, профессор Ордабаева С. К. дуальды оқыту жүйесі теориялық дайындық деңгейін сақтай және жоғарылата отырып, оқу үрдісінің практикалық құрамдас бөлігін айтарлықтай нығайта алады деп қорытынды жасады.

26.12.2022, 15:49
725 қаралым